Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Жас ғалымдар мен ҚММУ студенттері халықаралық конференциясының әлеуметтік-гуманитарлық пәндер бойынша секциясы

Жас ғалымдар мен ҚММУ студенттері халықаралық конференциясының әлеуметтік-гуманитарлық пәндер бойынша секциясы

04 Мамыр 2018

2018 жылы 28 сәуірде жас ғалымдар мен ҚММУ студенттерінің халықаралық конференциясында  әлеуметтік-гуманитарлық пәндер жеке секциясы, өзіндік бағытқа бөлініп, өтті. Оның ішіне психология, биоэтика, әлеуметтану, философия, көптілділік, жоғары білім беру және денсаулық сақтау саласы 11 бойынша өзіне бағдарлама кіргізді. Сөз алушылардың басым көпшілігі өздерінің зерттеу жобаларын ұсынды, олардың қатарында жоғарғы және төменгі курс студенттері, интерндер болды, медицина және фармация, денсаулық сақтау салаларындағы әртүрлі тақырыптарды медицина және әлеуметтік лингвистика саласындағы өзекті мәселелерге дейін көтерді. Осы секцияның пәнаралық деңгейін жоғары бағалап ерекше атап өту қажет. Қатысушылар зерттеулерің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде түсіндірді.

5 курс студенттері Т.Н. Искендиров мен А. Исказин қатысушыларды ағымдағы оқу жылында ҚММУ-де жоғары ВУЗдық компоненті ретінде енгізілген «медиация» деген жаңа пәнмен таныстырды, бүгінгі күнде ҚММУ осы пәнді еңгізген жалғыз медициналық жоғары оқу орын болады. Интерн М.П. Хегай әлеуетті жұмыс берушілердің болашақ мамандарын бағалаудың ең тиімді әдістерінің бірі, медициналық студенттерге арналған портфолио әдісімен өз зерттеулерін ұсынды. 1 курс студенттері А.И. Архипова, А.Б. Сагинбек және Ю.В. Юнгенштейн қазіргі заманғы қоғамдағы ЭКО процедурасы туралы ҚММУ студенттерінің білімі және ұрпақаралық қарым-қатынас туралы ғылыми жобаларын ұсынды. Студенттер А. Жаныбекқызы және Ж.Е. Кенесбек «Денсаулық 2016-2019» жаңа бағдарламасы туралы жанданған және динамикалық түрде әңгімелеп берді. 2 курс студенті Д.В. Ушаков Қазақстандағы көптілділік мәселесін философия тұрғысынан қарастырды.

Секция жұмысына ҚММУ Халықаралық медициналық факультетінің студенттері қатысты: 4-курс студенті Мохаммад Муджахид Үндістан мен Қазақстан көптілділігін орыс тілінде есеп беріп салыстырды. 1-курс студенті Дикша Сайни әлеуметтендіру мәселелерін қарастырды. Мысал ретінде отбасы, құрдастар және білім беру мекемелер әлеуметтендірудің негізгі агенттері боп саналады. Секцияға басқа ЖОО студенттері де қатысты: Семей қаласының медицина университетінің 3 курс студенті А.Г. Сагидулаева медициналық оқу орнында білім беру процесіне кіші студенттердің бейімдеу бойынша ауқымды зерттеу ұсынды. «Болашақ» Академиясының 2 курс студенті Л.Х. Гойгова дәрігер мен фармацевт арасындағы қарым-қатынаста биоэтикалық нормалардың күрделі мәселелеріне тоқталды.

Секциядағы барлық сөз сөйлеушілер аудиторияның үлкен қызығушылығын тудырды, барлық қатысушыларға көптеген сұрақтар қойылды және зерттеудің нәтижелерін жан-жақты талқыланды. Секцияның ерекше динамикасына модераторлар үлес қосты. Олар Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының оқытушылары Б.С. Битенова, Н.А. Мингишева және «Самрұқ» студенттік республикасының өкілі Д.В. Ушаков болды. Олар тек секцияны басқарып қана қоймай, студенттік жобалар бойынша талқылауға және түсініктемелерге белсене қатысты. Көптеген тақырыптар мен зерттеу әдістері, көптілділік және басқа ЖОО студенттерінің жұмысымен танысу, медицина саласындағы студенттері мен жас мамандарының әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдарға деген қызығушылықтарын айтарлықтай арттырады деп айтуға болады, медицина мен денсаулықтың әлеуметтік аспектілерін өзектендіреді, медициналық білімді гуманизациялайды.


0
3420

пікірлер

пікір қалдыру үшін.