Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«HealthTech»I Республикалық студенттік хакатон

«HealthTech»I Республикалық студенттік хакатон

03 Мамыр 2018

  2018 жылдың29 сәуіріндеҚарағанды мемлекеттік медицина университетінде «HealthTech» I Республикалық студенттік хакатоны аяқталды. «HealthTech» хакатонында Республиканың 8 оқу орындарының 9 командасы қатысты. Олар үлкен жұмыс жасады және жеңіске деген ерік көрсетті.

  Барлық командалар жарыстың соңына дейін жетті - жоба шеңберінде 9 жеткілікті дамыған және одан кейінгі қолдану үшін үлкен әлеуеті бар прототиптер  ұсынылды.

  Хакатонның соңында командадағы қатысушылар келесі жобаларын ұсынды: «Дәрілік заттарды және медициналық өнімдерді бақылау», «Қашықтағы науқастың мониторингі», «Операциядан кейінгі мониторинг», «Дәрі – дәрмек іздеу», «Хабарлама», «ҚММУ WELCOME-картасы», «Виртуалды клиника-1», «Виртуалды клиника-2» және «Зертханаға арналған бағдарламалық қамтамасыздандыру».

  «HealthTech» ең қызықты прототиптерді, әртүрлі мамандықтардың өкілдері тарапынан жүзеге асырылатындығын тағы бір мәрте растады, олар өздерінің пәндер аймағын жақсы біледі және өздерінің білімдері мен тәжірибесін өз командасымен бөлісуге дайын. 

  Жоба жеңімпазы,  ең жақсы жұмыс жасаған команда IMG болды («Операциядан кейінгі мониторинг»), оның құрамына ҚММУ студенттеріде кірді: Тимур Коробейников, Галымжан Хамидоллинов, Дамиржан Бердалиев, Борис Дипнер және Арайлым Мендыбаева. Жеңімпаздарға хакатоннның серіктестерінен 250 000 теңге көлемінде ақшалай жүлде берілді.

  Сонымен қатар, келесі орындарды алған командалар «ДАМУ» ақпараттық технологиялар орталығынан сыйлықтар алды.

  Хакатон жеңімпаздар мен қатысушыларды марапаттау рәсімімен аяқталды, сондай-ақ мастер-класс форматы бойынша әр жобаны талқылады:тәлімгерлер мен сарапшылар команда мүшелеріне өздерінің кәсіби пікірлерін және кеңестерін ұсынды, олардың нарықтық әлеуетін бағалады және хакатондағы түбегейлі қатысушылардың жаңа идеяларын талқылады.

  Хакатонның нәтижелері осындай форматтың тұрақты оқиғаларының маңыздылығын дәлелдейді, бұл әр қатысушының әлеуетін ашып қана қоймай, сондай-ақ АТ-технологиялар мен медицинаны біріктірудің синергетикалық әсеріне қол жеткізуге мүмкіндігін береді.

 


0
4443

пікірлер

пікір қалдыру үшін.