Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
ҚММУ-ніңЭразмус+ WELCOME жобасышеңберінде «Кешендіинтернационалдандыру: құралдарыменәдіснамалар» тренингінеқатысуы

ҚММУ-ніңЭразмус+ WELCOME жобасышеңберінде «Кешендіинтернационалдандыру: құралдарыменәдіснамалар» тренингінеқатысуы

28 Сәуір 2018

ҚММУ Erasmus + WELCOME «Жаңа халықаралық университеттер қауымдастықтарын қарсы алу» жобасынақатысуаясында 2018 жылдың 16-20 сәуіраралығында «Кешендіинтернационализация: құралдарменәдіснамалар» аттыхалықаралықтренингкеқатысты. ТренингСтокгольмқаласыныңКорольдіктехнологиялықуниверситетініңбазасындаөтті (Швеция).

Аталған тренинг Қазақстан мен Қытайдағы серіктес жоғары оқу орындарының өкілдері үшін ұйымдастырылды:

- Қарағанды ​​мемлекеттік медицина университеті (Қарағанды, Қазақстан);

- Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Астана, Қазақстан);

- Нархоз университеті (Алматы, Қазақстан);

- Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті (Астана, Қазақстан)

- Бейхан университеті (Бейжің, Қытай Халық Республикасы);

- Тонджи университеті (Шанхай қ., Қытай Халық Республикасы)

Сондай-ақ, осы тренинг аясында Erasmus + WELCOME «Жаңа халықаралық университеттер қауымдастықтарын қарсы алу» жобасыконсорциумының жұмыс кездесуі өтті.

Тренингтің қатысушыларына шетел студенттері, оқытушылары мен ғалымдарына арналған академиялық ресурстары Орталығының, «WELCOMEорталығының» аналогы  «KTH Entre» кеңсесінің, сондай-ақ «KTH Relocation Center» халықаралық қоғамдастығының интеграциялық орталығының  ұйымдастыру құрылымы мен жұмысы таныстырылды.

Тренинг барысында қатысушыларға келесі тақырыптар бойынша дәрістер оқылды:

- Еуропалық Одақ қаржыландыратын бағдарламаларға қатысу;

-Корольдік технологиялық университетінде жаңа қызметкерлерді бейімдеу орталығы, академиялық ұтқырлық бағдарламалары арқылы келген жаңа студенттер мен қызметкерлерді біріктіру орталығы;

- Жобалардағы сапаны қамтамасыз ету;

- Еуропалық инновациялық сандық технологиялар институты (EIT Digital);

- Мәдениетаралық қарым-қатынас;

-PhD деңгейінде бірлескен халықаралық бағдарламаларды енгізу;

- Халықаралық кредиттік ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде ұтқырлықты енгізу;

- Швециядағы интернационалдандыру;

-Таллин қаласындағы (Эстония) Технология университетінің интернационалдандыру тәжірибесі.

Сонымен қатар, тренингтің барлық қатысушылары шағын топтарда практикалық жұмысқа қатысты. Осылайша, біздің университеттің қатысушылар тобы Қарағанды ​​мемлекеттік медицина университетінде бірлескен бағдарламалар ұсынды. Корольдік технологиялық университетінің бірлескен білім беру бағдарламалары бойынша сарапшысы Карин Кнутсон магистратура мен докторантура деңгейінде бірлескен бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша нұсқаулық ұсынды. Тренинг соңында барлық қатысушылар сертификаттармен марапатталды.

Еске сала кетсек, WELCOME жобасы ҚММУ-да 2016 жылдың қазанынан бастап жүзеге асырылуда. Жобаның негізгі мақсаты - халықаралық бағытты нығайту және Қазақстан мен Қытайдың жоғары оқу орындарында интернационализацияны нығайту болып табылады. Толық ақпаратты http://www.welcomeproject.net веб-сайтынан, сондай-ақ http://erasmus.qmu.edu.kz/?page_id=545 веб-сайтынан алуға болады.


0
4106

пікірлер

пікір қалдыру үшін.