Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде «HealthTech» І Республикалық студенттік хакатонын ашу

Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде «HealthTech» І Республикалық студенттік хакатонын ашу

28 Сәуір 2018

Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде 2018 жылдың 27 сәуірінде «HealthTech» І Республикалық студенттік хакатоны ашылды.

Хакатон – әр түрлі саладағы бағдарламалық қамтамасыз ету мамандары (бағдарламашылар, дизайнерлер, менеджерлер) бірлесіп қандай да бір проблеманың шешімін табатын әзірлеушілер форумы. Қазіргі таңда, хакатон хакерлікке жатпайды, бұл жай ғана бағдарламалау марафондары болып саналады.

Біздің еліміз төртінші өнеркәсіптік революция табалдырығында тұр, оның негізі «ақпараттық дәуіріне» көшу болып табылады. Цифрлау – бұл ҚММУ дамытатын бағыттарының бірі.

Біз ұйымдастырған хакатонның мақсаты денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік-маңызды және инновациялық қосымшаларды іске асыру барысына студенттік жастарды жұмылдыру болып табылады. Қатысушылардың алдында одан әрі қолдану мүмкіншілігімен қосымшаның логикалық тұрғыдан аяқталған проготипін құру міндеті тұр.

Хакатон жарысына еліміздің 8 ЖОО, колледж, оқу орталықтарының: Астана медицина университеті. Семей қаласының  мемлекеттік медицина университеті, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті, Қарағанды мемлекеттік медицина университеті, Қарағанды мемлекеттік техника университеті, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті, Қарағанды техникалық-құрылыс колледжі, «ШАГ» компьютерлік академиясы оқушылары қатыса алады.

«HealthTech» І Республикалық студенттік хакатонын ҚММУ клиникалық жұмыс және үздіксіз кәсіби даму жөніндегі проректоры Кошерова Бахыт Нұрғалиқызы ашты: «Қазақстан-тұрақты дамып келе жатқан мемлекет. Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің Жолдауында атап өткендей, дені сау ұлт- біздің жарқын болашағымыздың негізі. Осы бағытта, оның ішінде медицинаға ақпараттық технологияларды енгізу арқылы көптеген жұмыстар атқарылып жатыр. Сол себепті хакатон сияқты осындай іс-шара ҚММУ қабырғасында өткізіліп жатыр.

Осы жобада ІТ мен медицина біріктіру, бағдарламалық қамтамасыз етуді құру медицина қызметкерлерінің жұмысын жеңілдетіп қоймай, сонымен қатар пациентке көп уақыт көңіл бөлуге мүмкіндік туғызады, ал бұл медицинаның сапасын жақсартуға септігін тигізеді.  Хакатон – медициналық практикада қолдануға болатын бірегей міндеттерді шешу үшін бірегей алаң, бірегей жобаларды құру. Университет хакатон жобасын іске асыру үшін барлық жағдайлар жасады. Жоба қатысушыларына өздеріне болашақта қажет болатын керемет идеяларды, сапалы орындалған жобаларды, дағдыларды игеруді тілеймін».

«HealthTech» модераторы қатысушыларды жобаның білікті әділқазы құрамымен таныстырды:

- «ДАМУ» ақпараттық технологиялар орталығы» ЖШС бас директоры Киль Наталья Валерьевна,

- Адами ресурстарды дамыту жөніндегі комитеті және ҚММУ Бақылау кеңесінің марапаттау, Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасының директоры орынбасары Петренко Елена Степановна, 

- «Алғашқы медициналық-әлеуметтік көмек көрсету қалалық орталығы» ЖШС сапа жөніндегі директоры орынбасары Прасолова Валентина Геннадьевна,

- ҚММУ клиникалық жұмыс және үздіксіз кәсіби даму жөніндегі проректоры Кошерова Бахыт Нұрғалиқызы,

-«Гиппократ» заманауи медициналық технологиялар орталығы» ЖШС директоры Хохлова Надежда Юрьевна.

Хакатон қатысушыларына «HealthTech» кәсіби жетекшілер тобы көмектеседі, олардың арасында: 

- ҚММУ Медициналық орталығының ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмысы бойынша бас дәрігерінің орынбасары  Сүлейменова Айдана Мұратовна,

-клиникалық фармакология және дәлелді медицина кафедрасының оқу ісінің меңгерушісі Аменова Олеся Анварбековна,

- ҚММУ №2 хирургиялық аурулар кафедрасының докторанты Бадыров Руслан Мұратович,

- ҚММУ №1 ішкі аурулар кафедрасының ассистенті Феоктистов Виталий Александрович,

-ғылыми қызмет менеджмент бөлімібастығының орынбасары Игимбаев Тимур Киндешевич,

-оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша деканның орынбасары  Культенова Махаббат Тулегеновна,

- ҚарМТУ инновациялық-кәсіпкерлік қызметі бойынша Департамент директоры Бахтыбаев Нурбол Бахтыбаевич,

- «ШАГ» компьютерлік академиясының  оқытушысы Булгунаев Баглан Александрович.

Александр НиколаевичУрмашовтың сөздері бойынша, жоба Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің, Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының, Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының және «ДАМУ» ЖШС ақпараттық технологиялар орталығының қолдауымен жүзеге асырылуда.

Сонымен қатар, ҚММУ атынан ол хакатонның серіктестері мен демеушілеріне ерекше алғысын білдірді: профессор Х.Ж. Мақажанов атындағы травматология және ортопедия облыстық орталығына, «ДАМУ» ЖШС ақпараттық технологиялар орталығына, «Алғашқы медициналық-әлеуметтік көмек көрсету қалалық орталығына» ЖШС, «Гиппократ» заманауи медициналық технологиялар орталығына» ЖШС, «M&S Consulting» ЖШС, «Kazakhstan құрылыс жүйелеріне» ЖШС,  «Қарағандылық еврей мәдениеті орталығына» ҚБ және «Фридом финанс» АҚ.

Содан кейін модератор қатысушыларды жобаның өту ережесімен таныстырды, сонымен қатар, барлық қызықтырған сұрақтарға жауап берген хакатон жұмыс тобының мүшесі, ҚММУ студенті Дюйсенова Каринаға сөз берді. Содан кейін, командалық білім беру және техникалық тапсырмаларды алу кезеңі өткізілді, I Республикалық хакатонның қатысушылары жұмыстарына кірісті. 


0
4861

пікірлер

пікір қалдыру үшін.