Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Ататүрік университетінде өткен тағылымдама

Ататүрік университетінде өткен тағылымдама

27 Сәуір 2018

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында "Медицина" мамандығының магистранттары А.Ж. Бакирова, О.В. Вишницкий, А.М. Жумакаев, С.С. Жумакаева, А.П. Руденко 25.03.2018-нен 3.04.2018 дейін Түркия елінің Эрзурум каласындағы Ататүрік Университетінде ғылыми- практикалық тағылымдама өтті. Түрік жері өзінің тариxымен бай, сонымен қатар жылы теңізімен, жұмсақ климатымен жəне дəмді түрік кофесімен ерекшеленеді. Эрзурум Түркияның азиялық бөлігіндегі басты қаласы болып құрметтеледі. Мемлекеттің туристік бөлігіне қарағанда бұл жердің климаты күрт континенталды. Қала толығымен тау массивімен қоршалған. Александр Сергеевич Пушкин Эрзурум туралы былай деп жазған: «Эрзурум өз суымен танымал. Евфрат қаладан үш шақырым жерден ағады. Алайда əрбір жерде көптеген субұрқақтар бар. Əрқайсысында тіземен байланысқан арнайы қалайыдан жасалған ожаулар ілініп тұрады, мейірімді мұсылмандар сусынды ішіп, мақтан етуін тоқтатпайды».

Ататүрік Университеті білім сапасы бойынша үздік қатарлардан орын алады. Шет елдерден келетін студенттер саны бойынша үшінші орын алады. Көп салалы университеттің кампусы Эрзурум қаласының үштен бірінде орналасқан. 2017-2018 оқу жылының жағдайына байланысты 22 факультетінде, 18 колледждерінде, 8 институттарында жəне 30 зерттеу орталықтарында оқитын 300 мыңдай студенттері жəне жұмыс істейтін 2700 мұғалімдері бар.

8 күн ішінде университеттің жетекші профессорлары жүргізген, соның ішінде профессор Атыф Байрамоглудың тақырыптық жоспар мен күнтізбеге байланысты дəріс сабақтары бойынша белсенді оқу үрдісу болды. Оқу ағылшын жəне түрік тілдерінде жүргізілді. Сонымен қатар бізге «Arastirma Hastanesi» ауруxанасындағы ортопедия, жалпы жəне эндокринологиялық хирургия, оториноларингология, гипербариялық оксигенация, трансплантология, эндокринология, эндодонтия, гастроэнтерология, гепатология и тамақтану бөлімшелерінде клиникалық тəжірибемізбен алмасуға бірегей мүмкіндік берілді.

Эрзурум сөзге "тұқым" деген мағына береді. Осы қалада егілген білім тұқымы Қазақстанның игілігі үшін өсетін болады деп үміттенеміз.

Университетіміздің ректоры Р. С. Досмагамбетоваға, проректор А.А.Турмухамбетоваға жəне жалпы медицина жəне стоматология факультетінің деканы В.Б. Ташкенбаеваға, жалпы медицина жəне стоматология факультетінің декан орынбасары А.Б.Бокаеваға, Халықаралық ынтымақтастық департаментінің барлық қызметкерлеріне, біздің ғылыми жетекшілерімізге алғысымызды білдіреміз.


0
4270

пікірлер

пікір қалдыру үшін.