Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Абуали ибни Сино атындағы Тәжік мемлекеттік медициналық университетіндегі академиялық ұтқырлық.

Абуали ибни Сино атындағы Тәжік мемлекеттік медициналық университетіндегі академиялық ұтқырлық.

25 Сәуір 2018

Біз, «Психиатрия» мамандығының 2 оқу жылы резиденттері: Л.В. Лисюк, Н.В. Бурмистрова, Д.А. Бейбитов, М.М. Шабденов,  Абуали ибни Сино атындағы Тәжік мемлекеттік медицина университетінде екі апталық академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқыдық. 

Бұл жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша екі университет арасындағы келісім-шарт шеңберінде алмасудың алғашқы тәжірибесі.

ТММУ қызметкері М.Д. Садриддинова және профессор М.Г. Гулямов атындағы Республикалық наркологиялық орталық дәрігерлері: Д.Х. Олимов, А.Р. Джобиров, А.Х. Хакимов бізді алғашқы күннен бастап жылы шыраймен қарсы алды.

 Душанбе қаласында болған уақытта бізге «Психикалық аурулардың фармакотерапиясы», «Опиоидной наркоманиядағы метадонмен алмастырушы терапиялық ем», «Пиротерапияны қолдану, психоздар кезіндегі электротырыспамен емдеу», «Науқастарды кешенді емдеуде холотропты тыныс емін қолдану» тақырыптары бойынша дәрістер оқылды.  Біз атақты профессор М.Г. Гулямовтың қызы, психиатрия және наркология кафедра меңгерушісі, м.ғ.к. профессор Н.М. Шарапова және кафедра ассистенті З.Х. Нисанбаева өткізген сабақтарына қатыстық.  Психиатрия бөлімшелерінің базасында біз науқастарды жүргіздік және клиникалық жағдайларды талқыладық.  Оқу барысында профессор М.Г. Гулямов атындағы Республикалық клиникалық наркологиялық орталығында, Республикалық психиатриялық ауруханасында және халыққа психологиялық көмек көрсету орталығында болдық, ауруларды қабылдауға ат салыстық.

Оқудан тыс уақытта өткізілген мәдени іс-шаралардан да көптеген әсерлер алдық. Біз Душанбе қаласының ботаникалық саябағында болдық,  AFC Cup футболдық клубтық  турнирінде «Истиклол» - «Алай» командаларының арасындағы ойынында жанкүйер болдық, сонымен қатар Тәжікстан Республикасының тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай арнайы салынған жаңа үлкен «Истиклол» диагностикалық орталығын аралап көрдік.  Душанбе қаласының жанында орналасқан Гиссар қаласында барып, ол жерде бізге ежелгі Гиссар бекінісі және ондағы ежелгі ғимараттарды тамашаладық, сонымен қоса әлемдегі ең үлкен «Кохи Навруз» шайханасына саяхат жасадық. Наркологиялық клиникалық орталық қызметкерлері бізге Душанбе қаласының тарихымен таныстырып, қаланың көрнекті жерлері мен мұражайларға саяхат жүргізді.

ҚММУ ректоры, профессор Р.С. Досмағамбетоваға және ҚММУ халықаралық қарым-қатынас бөліміне берілген мүмкіндік пен көрсетілген қолдау үшін алғыс айтамыз.
Тәжік мемлекеттік медицина университетіне және Тәжікстан Республикасының халқына олардың шексіз қонақжайлылығы мен құшақ жая қарсы алғандары үшін  үлкен рахмет!

Н.В. Бурмистрова

Л.В. Лисюк

Д.А. Бейбитов

М.М. Шабденов

Резидент-психиатрлар.


0
4495

пікірлер

пікір қалдыру үшін.