Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Облыстағы мықтылар!

Облыстағы мықтылар!

24 Сәуір 2018

  Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ спорттық базасында 21 сәуір күні Қарағанды облысы бойынша ЖОО мұғалімдері арасында мини футболдан 1ші турнирі өтті.Астананың 20 жылдығына арналған турнирге 6 команда қатысты: ҚарМУ, ҚарМТУ, ҚЭУ, «Болашақ», ҚММУ және ІІМ Академиясы.

  Жарысты өткізудің басты мақсаты: Салауатты өмір салтын насихаттау және ЖОО арасындағы достық қарым қатынасты нығайту.

ҚММУ құрамында:  профессор В.Н. Приз (эпидемиология және еңбек гигиенасы кафедрасы), профессор Н.С.Тәбріз (фтизиатрия кафедрасы), №1 хирургиялық аурулар кафедрасының асситенті Е.Б.Тишкамбаев, балалар стоматологиясы және хирургиялық стоматология кафедрасының ассистенті Д.Волошин, мемлекеттік сатып алу және материалдық қамтамасыз ету бөлімінің А.О.Данилин, ТЖД қызметкері  И.Кофанов,  футболдан ҚММУ құрамының жаттықтырушысы А.К.Тухметов және т.б. Команда капитаны халықаралық медицина факультетінің деканы  К.К.Толеубеков. Біздің ойыншылар ҚММУ футбол клубы президентінің және экономикалық – ұйымдастыру жұмысы проректоры басшылығымен жаттығады.

  Жеребе тастау нәтижесі бойынша турнирге қатысушылар 2 топқа бөлінді

 «А» (ҚарМУ, ҚММУ, «Болашақ»)  және «В» (ҚарМТУ, ҚЭУ, ІІМ Академиясы).  Регламент бойынша 1-2 орын алған топтар жартылай финалда бақ сынасты.

  ҚарМУ (3:1) мен «Болашақ» (6:1) есебімен біздің футбол командамыз бірінші орын алып, жартылай финалға шықты. Ол жерде ҚарМТУ командасымен кездесті. Осы қарқында ойында жеңімпазды анықтай алмады, барлық уақытта тең ойынды көрсетті (гол біздің мықты бомбардиріміз Иван Кофановтың есебінде) ойын кейінгі 6-метрлік пенальти медицина университетінің ойыншылары басымдылық (пенальти бойынша 2:1).

  Финалды ойында ҚММУ ойыншылары футбол турнир иелері ҚарМУ ойыншыларымен кездесті және біздің ойыншылар тағы да жеңіске жетті. Бұл жолы 5:1 есебімен.

  ЖОО оқытушылары, қызметкерлері және студенттері турнир ойынына үлкен қызығушылық көрсетті. Өз командаларына белсенді қолдау көрсетті. Ойыншылар ойын алаңында жақсы ойынмен қатар өздерінің сыпайылығын көрсетті. Нәтижесінде спорттық мереке жүз пайызға орындалды.

  Чемпионат нәтижесі бойынша жарыс оргкомитеті біздің команданың қақпашышы А.К. Тухметовты ең мықты қақпашы деп танылды. Сонымен қатар ұйымдастырушылардың арнайы сыйлығын ҚММУ командасының шабуылшысы м.ғ.д. В.Н. Приз біріншілік ойындағы ең үлкен  жастағы гол салған  ойыншы ретінде алды.

  Турнир қорытындысында жарыстың бас төрешісі ҚарМУ физтәрбие кафедрасының меңгерушісі, доцент М.Т. Бодеев барлық командаларға қатысқаны үшін алғысын білдірді, ҚММУ ойыншыларын лайықты жеңісімен құттықтап, осы ЖОО оқытушылары арасындағы футбол турнирі  облыстық спорттық  жаңалықтар күнтізбесінде лайықты орынын алады деп үміт білдірді. 

   ҚММУ футбол клубы.


0
4626

пікірлер

пікір қалдыру үшін.