Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Аймақтық үштілділік олимпиадасы

Аймақтық үштілділік олимпиадасы

24 Сәуір 2018

2015-2020 жылдарға арналған Үштілділік білім беру дамуының Жол картасын жүзеге асыру аясында шет тілдер кафедрасы 2018 жылдың 20 сәуірінде Аймақтық үштілділік олимпиадасын өткізді. Олимпиадаға Қарағанды облысы бойынша төмендегі жоғары оқу орындарынан 7 топ қатысты: Қарағанды мемлекеттік медицина университеті, Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университеті, «Болашак» Академиясы, Қарағанды мемелекеттік өндірістік университеті (Теміртау қ.), ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы.

Олимпиада бес кезеңнен тұрды және әрқайсысы үш тілде жүргізілді:

I кезең «Үштілділік білім беру – бізідің көзқарасымыз» (көрсетілім).

II кезең «Біз әртүрлі тілде сөйлейміз» - «Jeopardy» ойыны.

III кезең «Дыбыстау арасы - Spelling Bee» - сөздерді әріптеп айту.

IV кезең «Алыптар шайқасы» - топ жетекшілерінің ойыны.

V кезең «Қойылым - Performance Martinee» - ұсынылған тақырып бойынша қойылым көрсету.

Әділқазы мүшелері ретінде филология және тіл білімі саласынан арнайы тәуелсіз мамандар шақырылды: «НұрДина» аударма бюросының жетекшісі, филолог – Ә.Қ. Шадыкенов; Химия және биология бағытындағы НЗМ мектебінің ағылшын тілі және Жаһандық мәселелер және жобалық жұмыс пәндерінің мұғалімі, ғылым магистрі А.З. Алиева және ф.ғ.к., ОҚА тіл және аударма факультетінің магистратура бөлімінің меңгерушісі – А.Т. Аратаева.

Аймақтық үштілділік олимпиадасының қорытындысы бойынша төмендегі келесі топтар бағалы сыйлықтар мен ҚММУ ректорының мақтау қағаздарымен марапатталды:

- бірінші орын – академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің құрама тобы,

- екінші орын – Қазтұтынуодағының ҚЭУ құрама тобы,

- үшінші орын – ҚарМӨУ құрама тобы (Теміртау қ.).

Аймақтық үштілділік олимпиадасына қатысу студенттерге өздерінің үштілділік білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын ғана емес, сонымен қатар шығармашылық қабілеттерін де паш етуге мүмкіндік берді.


0
4736

пікірлер

пікір қалдыру үшін.