Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Психиатрия» пәні аясында өткізілген психиатрия және наркология кафедрасының негізін қалаушы м.ғ.д., профессор А.М.Свядощтың 104-жылдығына орай өткізілген олимпиада

«Психиатрия» пәні аясында өткізілген психиатрия және наркология кафедрасының негізін қалаушы м.ғ.д., профессор А.М.Свядощтың 104-жылдығына орай өткізілген олимпиада

24 Сәуір 2018

  ҚММУ студенттері арасында «Психиатрия» пәні аясында 14.04 - 20.04 2018ж аралығында өткізілген олимпиада нәтижесі 2018ж 23-і  сәуірде белгілі болды.  Олимпиада үш кезеңнен тұрды: бірінші, тестілеу түрінде өткізілген – іріктеу кезеңі. Екінші кезең ЭССЕ  жазу және  жазбаша емтихан тапсырудан құралды, ал үшінші кезең клиникалық емтихан түрінде өткізіліп , оқытушылар комиссиясымен бағаланды. Олимпиадада 28 студенттер мен әртүрлі  бағыттағы білім алып жатқан интерндер бағын сынады. Тестілеу түрінде өткізілген іріктеу кезеңінен 16 қатысушы келесі айналымға өтіп,келесі тақырыптары арасынан өздерінің таңдауымен ЭССЕ жазу ұсынылды : « Заманауи медицинадағы психиатрияның алар орны мен міндеті», « Психиатрияның соматикалық медицинаға интеграциясы», « Менің психиатрияда алған білімімнің менің болашақ мамандығыма тигізер үлесі».

   Жазбаша емтихан қорытындысы бойынша үшінші кезеңге өткен 6 студенттің арасынан олимпиада жеңімпаздары анықталды: 1орын – Цой Людмила 6-067 ЖМФ, 2 орын – Тубанова Гулназ 5-020 ЖМФ, 3 орын – Евлоев Алихан 7-067 ЖМФ.

  Цой Людмила –  психиатрия пәнінен біліктілігін, клиникалық ойлау  мен коммуникативті дағдыларын өте жоғары деңгейде көрсетіп, олимпиаданың бірінші кезеңінен бастап көшбасшы болды.

  Сонымен қатар, өзгеше ойлау қасиетімен, креативтілігімен және эссе жазуда ойын нақты жеткізуімен көзге түскен студенттерді атап өтсек: Әлібекқызы Мадина 5-019, Оспанов Дидар 5-020,Абдил Адиля 6-072, Ахметов Азамат 7-050, Бодрая Виктория 7-068. Студенттерге арнайы сыйлықтар берілді.

   Психиатрия кафедрасы олимпиаданың барлық қатысушылырына көрсете білген қызығушылықтары мен жақсы дайындықтары үшін алғыс білдіреді және болашақ кәсіби қызметтеріне сәттілік тілейді.


0
4872

пікірлер

пікір қалдыру үшін.