Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Халықаралық медицина университетінде ҚММУ магистранттарының ғылыми тәжірибесі (IMU Куала-Лумпур Малайзия)

Халықаралық медицина университетінде ҚММУ магистранттарының ғылыми тәжірибесі (IMU Куала-Лумпур Малайзия)

23 Сәуір 2018

«Медицина»  6М110100 мамандығы бойынша 1 - ші оқу жылының магистранттары 2018 жылдың 27 наурызынан  03 сәуір аралығында Малайзия елінің, Куала - Лумпур қаласындағы Халықаралық медицина университетінде  " Ғылыми зерттеу менеджментінің қысқаша курсын" өтті.

Оқыту бағдарламасында келесі  сұрақтар қарастырылды: ғылыми зерттеу менеджменті жайлы түсінік, биомедициналық зерттеу сұрақтары (зертханаға шолу), «ең үздік тәжірибе» атты ғылыми жобаның жазылуы, ғылыми – зерттеулік қадағалау және басқару, зерттеудегі этикалық мәселелер, ғылыми зерттеулерде метаанализбен жүйелі шолуды қолдану, ғылыми хат, ең үздік клиникалық тәжірибе, зерттеу ұсынысы бойынша топтық жұмыс, белсенді оқу әдістері (RBL).

Магистранттар зертхананың ұйымдастырылуы және құрылымы, сонымен қатар деңгей бойынша қауіпсіздік ережелерімен танысты. Зертхана басшысы бізді  Ms. Norbazlin Bt Md Marham сұйық хроматография, электрофорез, иммунологиялық және микробиологиялық зерттеулердің жаңа, заманауи құрылғыларымен таныстырды.

Тәжірибелік сабақ кезінде, басылымдар мен зерттеулердегі этикалық аспектілер тақырыбы бойынша  тапсырмалар мен мақалалар талқыланды, плагиаттың түрлері мен типтері жайындағы сұрақтар көтерілді, зерттеулер мен басылымдарда әр қатысушының жауапкершілігі, білім беру ұйымының жауапкершілігі, зерттеу қатысушыларының өзара қарым – қатынасы ортаға салынды.

Курстың соңында  магистранттар қорғауға   ғылыми-зерттеудің 7 жобасын ұсынды, IMU профессорларының қойған  сұрақтарына  дәлелді жауаптар қайтарылды. Барлығы білім қорын толықтырып, жақсы көңіл күйге ие болды.

Жобаны қорғаудан кейін ҚММУ магистранттарына «Ғылыми зерттеу менеджменті» курсын өткендігін дәлелдейтін сертификаттар берілді.

Біз , «Медицина»  6М110100 мамандығы бойынша оқытудың 1 - ші жылындағы  магистранттары  жаңа білім  тәжірибе алуға, шығармашылық мүмкіндіктерге қолдау көрсеткені  үшін  ҚММУ ректоры, профессор Р.С.Досмағамбетова  және университеттің басшылығына үлкен  алғыс білдіреміз.


0
4317

пікірлер

пікір қалдыру үшін.