Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Медиацияның өзекті мәселелері

Медиацияның өзекті мәселелері

20 Сәуір 2018

  Академиялық ұтқырлық аясында ҚММУ шақырылуымен келген киелі (әулие) Климентий Орхидский (Болгария) атындағы София университетінің профессоры, халықаралық медиатор Дронзина Татьяна Александровнаның сапарлық бағдарламасы аяқталды.

Оның келуі Қарағанды үшін өте маңызды болды: профессор ментальді маман өкілдеріне, заңгерлерге, кәсіби және кәсіби емес медиаторларға қазіргі заманғы әлеуметке арналған өзекті сұрақтар – конфликтология мен медиация бойынша білім алу және қызықты тұлғамен әңгімелесу мүмкіндігін туғызды.

Татьяна Александровнаның сапарлық бағдарламасында осы ғылымның негізін оқып жатқан ҚММУ-нің 5 курс студенттері мен магистранттарына арналған конфликтология мен медиация бойынша дәрістер оқыды, ҚММУ ПОҚ мен Қарағанды облысындағы «Диалог» жанжалдарды шешу Орталығындағы медиаторларға мастер-кластар өткізді. 

Оқытуды жай ғана сабақ деп атауға болмайды – бұл академиялық ақпаратты шеберлі ұсынудың қызықты кездесулері, топта талқылау, отбасылық қақтығыстар, денсаулық сақтаудағы қақтығыстар саласынан медиативті тәжірибені модельдеу. 

Профессор Т.А. Дронзина биылғы оқу жылынан бастап оқытылатын «Жалпы медицина» мамандығының 5 курс студенттеріне арналған «Медиация» пәні бойынша медициналық психология және коммуникативтік дағдылар, балалар ауруларының пропедевтикасы кафедраларында болып,  сарапшы ретінде сөз сөйледі. Кафедралар Т.А. Дронзинаға өздерінің әдістемелік жұмыстарын көрсетіп, пәнді оқытудағы тәжірибесімен бөлісті, осылайша конструктивті кері байланыс алып, конфликтология және медиация саласында тек қана алға деген тілегін қабылдады.

13 сәуір күні профессор Дронзинаның сапарының соңғы күнінде медициналық психология және коммуникативтік дағдылар кафедрасы «Қақтығыс. «Науқас – денсаулық сақтау мекемесі» тақырыбында форум-театрын ұсынды. Қонағымыз берілген белсенді оқыту әдісін ойдағыдай бағалады. 

Профессор ҚММУ оқытушыларына «Медиацияның өзекті сұрақтары» курсын сәтті аяқтағаны туралы сертификаттар берді және мастер-класқа қатысушыларды жыл сайын Бургас (Болгария) қаласында өткізілетін медиацияның жазғы мектебіне шақырды.

Біз құрметті ғалым мен педагогқа берген білімі үшін алғысымызды айтамыз, келешекте нәтижелі серіктестік қарым-қатынсқа үміттенеміз және Профессордың қайта оралуын күтеміз. 


0
4663

пікірлер

пікір қалдыру үшін.