Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қарағанды мемлекеттік медицина университетінеҚазақстан Республикасындағы Үнді Республикасының Елшісі Прабхат Кумар мырзаның ресми сапары

Қарағанды мемлекеттік медицина университетінеҚазақстан Республикасындағы Үнді Республикасының Елшісі Прабхат Кумар мырзаның ресми сапары

20 Сәуір 2018

Қазақстан Республикасындағы Индия Республикасының Елшісі Прабхат Кумар мырза 19 сәуірде Қарағанды мемлекеттік медицина университетіне ресми сапарымен келді. Кездесуге Елші мырзадан басқа Елшінің Екінші хатшысы Раджу Балакришнан мырза қатысты.

Қазіргі таңда, ҚММУ-нде 7935 студент білім алып жатыр, оның 1158 студенті Үнді елінен оқиды. Жыл бойы ҚММУ-нде Үндінің Медицина Кеңесінде дипломдарын растау үшін бітіруші-студенттерді тесттілеуге даярлауға Үнді елі профессорларының қатысуымен дәрістер оқытылады, өткен мерзімде 30 - дан астам дәріс өткізілді. Сондай-ақ, осы жылы Махатма Ганди Шарма Шив Кумар және Шарма Манодж Кумар атындағы медицина колледжінен 2 профессоры ҚММУ-нің Жалпы фармакология кафедрасы мен Патологиялық физиология кафедрасы студенттеріне сабақ жүргізді.

2018 жылы 18 қаңтарда Джейпурдің Ұлттық университетімен денсаулық сақтау, академиялық, ғылыми және мәдени ынтымақтастық саласындағы ынтамақтастық жөнінде меморандумға қой қойылды (Джейпур қ., Үнді).

Сонымен қатар, Үндімен студенттер мен ПОҚ сыртқы-ішкі академиялық ұтқырлық дамып жатыр. Мысалы, 2013 жылы Молан Азад медицина колледжінде (Maulana Azad Medical College) «Жалпы медицина» мамандығының 7 студенті өндірістік тәжірибеден өтті, сондай-ақ, осы Колледжді халықаралық медицина факультетінің деканы  К.К. Төлеубеков, тәрбие ісі жөніндегі деканының орынбасары – Д.М. Доскожин және шетел студенттерімен жұмыс жөніндегі маман – Кумар Динеш сапармен барды. 2018 жылдың 5-19 қаңтар аралығында ҚММУ-нің «Жалпы медицина» мамандығының 7 студенті үшін Этернал ауруханасында (Eternal Heart Care Centre Hospital, Джейпур) оқыту тәжірибесі ұйымдастырылды. Сапар барысында Этернал ауруханасымен Ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойылды. Сонымен қатар, 2018 жылдың 8-15 қаңтар аралығында «Фармация» және «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандықтарының 5 студенті мен 2 докторанттарына академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде Үнді Республикасының фармацевтикалық зауыттарында оқыту тәжірибесі ұйымдастырылды.

Елшінің қазіргі сапары барысында қонақтар Мұрағатпен, Ұжымдық пайдалану зертханасы және Қарағанды мемлекеттік медицина университеті кітапханасымен танысты, артынан университет ректоры, профессор Р.С. Досмағамбетовамен кездесті. Кездесу барысында Елші мырзамен кездесуде Халықаралық медицина факультетінің деканы  К.К. Төлеубеков, тәрбие ісі жөніндегі деканының орынбасары – Д.М. Доскожин және шетел студенттерімен жұмыс жөніндегі маман – Кумар Динеш, патологиялық физиология кафедрасының оқытушысы Sharma Shiv Kumar және жалпы фармакология кафедрасының оқытушысы Sharma Manoj Kumar қатысты.

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Елші мырзаға жемісті кездесу мен өзара серіктестік мүмкіншілігі үшін Үнді елшілігіне алғыс айтып, Үндінің ЖОО, зерттеу орталықтары және клиникаларымен ынтымақтастықты одан әрі дамыту мен кеңейтуге мүдделі екенін білдіреді. 


0
5361

пікірлер

пікір қалдыру үшін.