Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
ҚММУ балалар жұқпалы аурулары кафедрасында профессор Франк Хааманнмен (Германия) кездесу

ҚММУ балалар жұқпалы аурулары кафедрасында профессор Франк Хааманнмен (Германия) кездесу

18 Сәуір 2018

12.04.2018 ж. Аға сарапшылар қызметінің маманы м.ғ.д., профессор Франк Хааманнмен (Германия) балалар жұқпалы аурулары кафедрасы қызметкерлері кездесу өткізді. Профессор қан арқылы жұғатын және ауа-тамшылы инфекцияларының алдын алуы бойынша дәрістер оқыды. Аудиторияның көпшілігі дәрігер-интерндер мен 1 және 2 оқу жылындағы резиденттер болды. Олар ұсынылған ақпараттармен өз білімдерін толықтырды. Дәріс соңында кафедра меңгерушісі профессор Р.Х. Бегайдарова және қызметкерлері Қарағанды облысындағы АИВ-инфекциясы, В және С вирустық гепатиттерінің эпидемиологиялық жағдайының сұрақтары  бойынша профессор Ф. Хааманнмен пікір алмасулар болды.

  Тыңдаушылар дәріскерге қан арқылы жұғатын және ауа-тамшылы инфекцияларының алдын алуы бойынша ұсынған ақпараттары, тәжірибелік ұсыныстары үшін және кесдесу ұйымдастырушыларына шынайы алғыстарын білдірді. 


0
4294

пікірлер

пікір қалдыру үшін.