Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Х.А. Яссауиатындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіндегі академиялық ұтқырлық(ХҚТУ)

Х.А. Яссауиатындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіндегі академиялық ұтқырлық(ХҚТУ)

18 Сәуір 2018

  Академиялық ұтқырлық Қарағанды ​​мемлекеттік медицина университетінің маңызды іс-шараларының бірі болып табылады.

Бұл менеджмент жүйесін жетілдіруге, сыртқы және ішкі интеграциялық байланыстарды орнатуға, университет миссиясының орындалуына ықпал етеді: «Медициналық білім саласындағы көшбасшы, ұлт денсаулығын сақтаудағы үздік әлемдік тәжірибе талаптарына жауап беретін маманның қалыптасуына бағытталған».

Бұл соңында,  білім сапасын жақсартуға, студенттер мен оқытушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының тиімділігін ғана емес, сонымен қатар олардың кәсіби, мәдени және білім деңгейлерін арттыруға септігін тигізеді.

   Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында 26.03.2018ж. мен 06.04.2018ж, аралығында иммунология және аллергология кафедрасының оқытушысы Абуова Газиза Темірәліқызы Х.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде болып қайтты.

  Аталған  университетте «Жалпы иммунология» пәні  Жедел медициналық көмек кафедрасында оқытылады. Пән «Жалпы медицина» мамандығының 2 курс студенттеріне және «Стоматология» мамандығы бойынша оқытылады.

  Абуова Г.Т. келесі тақырыптар бойынша тәжірибелік  сабақтар өткізді:

- лейкоцитарлық формула, лейкограмманы және иммунограмманы талдау, ИФТ әдісін;

- біріншілік және екіншілік иммундық тапшылық жағдайлары, ЖИТС-ң иммундық диагностикасы;

- HLA жүйесі, трансплантация иммунитетінің негізі;

- канценогенездің иммуногенетикалық аспектілері, негізгі принциптері және иммундық түзету;

- атопиялық аллергияның клиникалық көріністері, патогенезі, зертханалық диагностикасы.

  Сонымен қатар, сабақтарды жүргізу барысында ғылыми көзқарас принциптері, теория мен тәжірибе арасындағы байланыстар және жүйелілік қолданылды.

  Тәжірибелік сабақтар TBL топпен бағдарланған және клиникалық жағдайға негізделген СBL түрінде жүргізілді.

    Университет  басшылығы оқытушы Г.Т. Абуованың жүргізген жұмыстарын, өткізген сабақтарын кәсіби деңгейін, оқытушылық шеберлігін, мазмұнын, өзектілігін  университет  басшылығы жоғары бағалады.


0
4481

пікірлер

пікір қалдыру үшін.