Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
ҚММУ-не Қазақстан Республикасындағы Француз РеспубликасыныңТөтенше және өкілетті Елшісі Филипп Мартинэ мырзаның ресми сапары

ҚММУ-не Қазақстан Республикасындағы Француз РеспубликасыныңТөтенше және өкілетті Елшісі Филипп Мартинэ мырзаның ресми сапары

16 Сәуір 2018

Елші мырзадан басқа кездесуге Францияның Қазақстандағы Бас Консулы Патрик Ренар, Техникалық және ғылыми ынтымақтастық жөніндегі Атташе Александра Тиркюир, «Бизнес Франс» ұйымының сарапшысы (Францияның орта және кіші бизнесті біріктіретін топтар) Арно Лаба, Елшінің Хаттама басшысы Әшімбаева Раушан Миятқызы, «SECURETECH» француз компаниясының өкілі Есмұрзаев Арман Асылбекұлы және «IDEMIA» француз компаниясының өкілі Шағылбаева Сымбат Мұнсызбайқызы қатысты.

Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің Францияның ЖОО-мен зор ынтымақтастық тәжірибесі бар. Ол 2014 жылы Пуатье Университетімен Ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойған күннен басталды. Ынтымақтастықтың негізгі бағыты: білім алушылар, оқытушы мен әкімшілік-басқару персоналымен алмасу, сонымен қатар, білім беру және ғылыми зерттеулер саласындағы ынтымақтастық болып табылады.

Қазіргі таңда, Пуатье Университеті ҚММУ-нің стратегиялық серіктестіктердің бірі болып табылады. Пуатье университеті, біз сияқты «CASEU» Эразмус Мундус жобасының қатысушысы. Осы бағдарлама шеңберінде, ҚММУ-не Пуатье Университетінің профессорлары екі рет іссапармен келді: Поль Сеит (биохимия және молекулярлық биология профессоры) және Бриджит Ванние (биоинформатика профессоры).

Сондай-ақ, 2017 жылы биохимия және молекулярлық биология профессоры Поль Сеит ҚММУ биологиялық бейінді кафедрасы қызметкерлерін басқару мен оқыту топ-менеджері; биоинформатика профессоры Бриджит Ванние – биология кафедрасының профессоры ретінде жұмысқа шақырылды.

Профессорлар 2017 жылдың қазан айында ҚММУ оқытушылары үшін  «Молекулярлық биология» бағыты бойынша ғылыми тағылымдама ұйымдастырды. Одан басқа, ҚММУ мен Пуатье Университеті арасында  2017-2019 жылдарға арналған халықаралық несиелік ұтқырлық ERASMUS+ жобасы шеңберінде институт аралық келісімшарт жасалды. ҚММУ мен Пуатье Университеті арасындағы белсенді ынтамақтастық біздің магистранттар үшін тағылымдаманы ұйымдастырумен байланысты болып келеді. 

Филипп Мартинэ сапар барысында бірінші ҚММУ мұражайына барды, университет ректоры Р.С. Досмағамбетовамен, ҚММУ-нің провосты (бірінші проректор) Вайва Хендриксонмен, проректорлармен, Франция университеттерінде академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысқан, тренингтер мен тағылымдамадан өткен қызметкерлер мен студенттермен кездесті.

«Қазіргі таңда, ҚММУ Пуатье Университетімен бірлесіп Биоинформатика/Биомедицина бағыты бойынша магистратураны ашу мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Бұдан әрі, Францияның медициналық ЖОО, зерттеу орталықтары және клиникаларымен өзара ынтымақтастықты жалғастыру мен дамытуды қалаймыз», - деп Раушан Сұлтанқызы атап өтті.

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Елші мырзаға жемісті кездесу үшін, сондай-ақ Франция елшілігіне, атап айтқанда, студенттер мен қызметкерлерге жан-жақты көмек көрсеткені үшін Техникалық және ғылыми ынтымақтастық жөніндегі Атташе Александра Тиркюирге алғысын білдіреді.


0
4859

пікірлер

пікір қалдыру үшін.