Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
ҚММУ студенттері арасындағы түсіндіру жұмысы

ҚММУ студенттері арасындағы түсіндіру жұмысы

16 Сәуір 2018

Биылғы жылдың 19 наурызана бастап студенттер арасындағы діни жағдайды сауықтыру бойынша профилактикалық жұмыстың аясында Дін істері жөніндегі облыстық басқарма мамандарының, «Нұрлы білім» ҚҰ республикалық ақпараттық тобы мүшелерінің және теологтардың қатысуымен киім үлгісінде діни атрибутиканы ұстанатын ҚММУ студент қыздарымен бірқатар кездесулер өткізілді.

Осы кездесулер барысында Дін істері жөніндегі облыстық басқарманың мамандары Қазақстан Республикасында 2017-2020 жылдарға арналған дін саласындағы мемлекеттік саясат тұжырымдамасының негізгі мәселелерін түсіндірді. Бұл тұжырымдама мемлекеттік-конфессиялық және конфессияаралық қатынастарды одан әрі жетілдіруге, дәстүрлі діни ағымды нығайтуға бағытталған. Жалпы алғанда, діни саладағы мемлекеттік саясаттың басты ұстанымдары белгіленген.

«Нұрлы білім» ҚҰ теологтары дәстүрлі ислам дінінің қағидалары туралы баяндап, жиһад және басқа діни ұғымдар жөнінде мол мәлімет берді, студент жастарды ашық әңгіме алаңына шақырды.

Өткізілген кездесулердің нәтижелері бойынша студент қыздар әсерлі әңгімеге риза болғандарын білдіріп, алдағы уақытта осындай кездесулерді ай сайын өткізіп тұрса деген өтініштерін жеткізді. Мұндай кездесулер өз жемісін беретіні анық.


0
4165

пікірлер

пікір қалдыру үшін.