Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Дүниежүзілік денсаулық күніне орай

Дүниежүзілік денсаулық күніне орай

13 Сәуір 2018

  2018 жылдың 29 наурызында № 4 жатақхананың оқу залында Қоғамдық денсаулық сақтау және мейіргер ісі кафедрасы Дүниежүзілік денсаулық күніне арналған іс-шара өткізді. Бұл іс шара 1948 жылдың 7 сәуірінен бастап  жыл сайын атап өтіледі. 28 наурыз қарсаңында экономикалық мәселелер жөніндегі проректор, Санитарлық-гигиеналық факультет деканы, әлеуметтік медицина және қоғамдық денсаулық сақтауды ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі (1984-2003) А. М. Филатовтың туылғанына 80 жыл толды. Кеш университет үшін көп еңбек сіңірген адамға алғыс айтумен және  естеліктерімен басталды.

2018 жылғы  дүниежүзілік денсаулық  күнінің тақырыбы  «Медициналық қызметтерді жалпыға бірдей қамту: барлығына және барлық жерде». «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының 5-004 топ студенттері  аға оқытушы Н.Ф. Сайфулинаның жетекшілігімен денсаулық сақтаудың барлық адамдарға денсаулықтың ең жоғары деңгейіне қол жеткізу үшін медициналық қызметтердің қол жетімдімділігінің маңыздылығы туралы баяндады және медицина тарихын білуге ​​арналған «Не? Қайда? Қашан?»  атты интеллектуалдық ойынын өткізді. Жатақхана мамандары 6:1 есебімен жеңіске жетті.

Денсаулық күніне қоғамдық денсаулық сақтау, биология және фармация факультеті деканының орынбасары А.К. Омарова және кафедраның барлық оқытушылары қатысты. Кафедра меңгерушісі доцент С.Р. Жакенова белсенді қатысқаны үшін әрқайсысына алғысын білдіріп, барлық адамдарға денсаулық тіледі.

0
4531

пікірлер

пікір қалдыру үшін.