Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Бұхара медицина институтындағы академиялық ұтқырлық

Бұхара медицина институтындағы академиялық ұтқырлық

12 Сәуір 2018

2018 жылдың 14.03-03.04 аралығында  Әбу Әли ибн Сина атындағы  Бұхара мемлекеттік медицина институтының биология және медициналық генетика кафедрасы үлкен құрметпен  шақыруды қабылдады. Институт тарихы 1990 жылдың қазанынан бастау алған, қазіргі уақытта институтты кеңейту және жаңғырту бойынша үлкен жоспарлары бар, оны PhD докторы Инаятов Амрилло Шодиевич басқарады. Кездесу барысында Амрилло Шодиевич институтты басқару, оны жаңарту және келешекте біздің медициналық жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықта болу жоспарлары туралы айтты. Бұхара медицина институтының ректоры Досмағамбетова Раушан Сұлтановнаға ынтымақтастық және жастарға тәжірибелік көмек көрсеткені, ЖОО  келешегі  үшін алғыс білдірді.

  Бұхараға  келу барысында молекулярлық биология пәні бойынша педиатрия және стоматология факультеттерінің студенттеріне дәрістер оқылып, тәжірибелік сабақтар жүргізілді: апоптоз, фармакогенетика, экогенетика, Харди-Вайнберг заңы және басқалар. Паразитология бойынша: қарапайымдылар типі, құрттар тобы. Дәрістердің тақырыптары әртүрлі болды. Студенттерде дәрістер көптеген сұрақтар тудырды және тәжірибелік сабақтарда қосымша талқыланды.

Паразитология бойынша дәрістің жұмыс кезі

  Дракункулез ошағы  жойылған, көне Бұхараны көру менің арманым еді – ол жүзеге асты. Бұрынғыға қарағанда қазіргі кезде көп өзгерген. Қазіргі  қаланың тарихи бөлігі, көне Бұхарадағы хаустар, ауру қоздырғыштары мен аралық иелердің тіршілік ету ортасының рөлін атқармайды, бірақ барлық студенттер мен Бұхара тұрғындарына риштаны девастациялау  тарихы белгілі.  

  Бұхара медицина институтының ректоры Инаятов Амрилло Шодиевичке, халықаралық бөлімінің бастығы Жарылқасынова Гаухар Жанұзақовнаға, гистология кафедрасының меңгерушісі Довронов Рахмон Давроновичке және менің кураторым  доцент Зульфикаров Абдурахим Наимовичке оқу үрдісін ұйымдастырғаны үшін ерекше алғыс және ризашылық білдіргім келеді. 

  Барлық менің әріптестеріме, студенттерге және институт қызметкерлеріне денсаулық, бақыт, болашақ жоғары білікті мамандар дайындау ісінде және оқуда табыс тілеймін.

ҚММУ биология кафедрасының

доценті, б.ғ.к.    В.В. Бритько


0
4625

пікірлер

пікір қалдыру үшін.