Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Оңтүстік-Қазақстан медициналық академиясына академиялық мобильділік Шымкент қаласы

Оңтүстік-Қазақстан медициналық академиясына академиялық мобильділік Шымкент қаласы

12 Сәуір 2018

Профессорлық-оқытушылық құрамның Оңтүстік-Қазақстан медициналық академиясы және Қарағанды мемлекеттік медицина университеті арасындағы академиялық мобильділік бағдарламасы аясында 26.03.2018ж.– 06.04.2018ж аралығында эпидемиология және еңбек гигиенасы кафедрасының аға оқытушысы Н.О. Алышева Оңтүстік-Қазақстан медициналық академиясының гигиена және эпидемиология кафедрасында болды. Кафедра меңгерушісі м.ғ.к., профессордың м.а. Б.З. Долтаева.

Н.О. Алышева ОҚМА болған уақытында «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының 3-5 курс студенттеріне «Эпидемиология» пәнінен мәселелік дәрістер мен тәжірибелік сабақтар жүргізді. Тәжірибелік сабақтар оқытудың интерактивті әдістерін қолданумен жүргізілді. Барлық сабақтар түрлері қызықты әрі танымды өткізілді. Студенттермен жұқпалы аурулардың әр түрлі нозологиялық формаларының профилактикасы бойынша сұхбаттасулар өткізілді.

Кафедра қызметкерлеріне және студенттерге «Перзентхана үйлерінде аурухана ішілік инфекцияларға инфекциялық бақылауды ұйымдастыру» тақырыбына мастер-класс өткізді. Мастер-класта аурухана ішілік инфекцияларға инфекциялық бақылауды ұйымдастыру және жүргізу бойынша сұрақтар, проблемалар және оны шешу жолдары қарастырылды. Кафедра қызметкерлерімен оқыту ерекшеліктері бойынша ойлармен бөлісті.

ОҚМА гигиена және эпидемиология кафедрасына жұқпалы аурулардың көпжылдық динамикасын ретроспективті эпидемиологиялық талдау әдістемесі ұсынылды және енгізілді.

Аға оқытушы Н.О. Алышеваның жұмысы ОҚМА басшылығымен жоғары бағаланды, бұл біздің университеттің ректоры, профессор Р.С.Досмағамбетованың атына келген пікір куәландырады. 

ҚММУ және ОҚМА басшылығына оқытудың тәжірибелік алмасу мүмкіншілігі мен кафедра аралық ынтымақтастыққа жағдай жасағаны үшін алғыс айтамыз.


0
6240

пікірлер

пікір қалдыру үшін.