Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
№ 2 ішкі аурулар кафедрасында бірінші студенттік ғылыми конференциясы

№ 2 ішкі аурулар кафедрасында бірінші студенттік ғылыми конференциясы

12 Сәуір 2018

  2018 жылғы 6 сәуірде Қарағанды ​​мемлекеттік медицина университетінің № 2 ішкі аурулар кафедрасында 1 студенттік ғылыми конференция өткізілді.

  Шараға тәрбие жұмысы жөніндегі жалпы медицина және стоматология факультеті деканының орынбасары Эргешов Руслан Хадиматович және RBL оқу процессін үйлестіру жобасының координаторы Рахимова Бибігүл Богдатовна қатысты.

  Конференцияға ағымдағы оқу жылының 6-шы және 7-ші курс интерндерінің кафедрада орындаған жеке және ұжымдық ғылыми жұмыстары ұсынылды.

Қатысу түрі -  ауызша баяндама және Е - постер.

11 ауызша баяндамалар тындалынды, оның ішінде 2 - қазақ тілінде, 8 - орыс тілінде және 1 ағылшын тіліндегі баяндамалар.

Баяндамалар қант диабеті, жүрек-қан тамырлары аурулары, бауыр циррозы және жүйелі қызыл жегісі бар науқастарды диагностикалауға, терапияны ұстануын бағалауға,  сондай-ақ жүктілік кезіне экстрагениталды патологияның әсер етуіне арналды.

1 - орынды 7-060 топ интерні А.А. Каисина және 7047 топ Н.М. Самойлова иеленді. Баяндама тақырыбы: «Гипогликемиялық терапияның әр түрлі схемаларын алатын 2 типті қантты диабеті бар науқастарда гликемияның өзгермелілігін бағалау». Ғылыми жетекшісі: докторант Д.А.Шерязданова.

2 - орын 7-061 топ интерні А.К. Кабиеваға берілді. Тақырыбы: «Лептин деңгейі мен фертильді жастағы әйелде 2-ші типті қантты диабетінің даму қаупі». Ғылыми жетекшісі: м.ғ.к., доцент, №2 Ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі Е.М.Ларюшина.

3 – орынды 6057 топ интерні Н.Қалимжан иеленді. Тақырыбы:  «Метаболизмдік синдромы бар науқастарда остеоартроздың клиникалық ағымының ерекшеліктері».  Ғылыми жетекшісі: №2 Ішкі аурулар кафедрасының ассистенті Г.Г. Оспанова.

Е-постерлік жұмыстар арасында 1 - орынды 6059 топ интерндері Идрисова Анар Амантаевна, Махлаева Юлия Викторовна, Таласпаева Айсулу Ерболатқызы, Ташимова Айгерім Қайырбаевна, 6025 - топ Омар Әйгерім Талимович, резидент-гастроэнтеролог Каримова Перизат Амангельдиевна иеленді. Тақырыбы: «Predictors of efficiency of ursodezoxycholik acid in primary biliary cholangitis».

2 – орын 6047 - топ интерні Комарзина Баян Болатовнаға берілді. Тақырыбы:  «Жалпы қақырықтың жасушалық құрамын  зерттеу арқылы бронхиальді демікпе және ӨСОА ажыратпалы диагностика жүргізу».

3 – орынды  6065 топ интерндері Капезов Куаныш Елубаевич, Акшалов Аскар Рафаэлевич иеленді. Тақырыбы: «ҚММУ студенттерінің АІЖ патологиясы».


0
5476

пікірлер

пікір қалдыру үшін.