Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Ағылшын тілінен жоғарғы оқу орын ішілік олимпиада сайыс.

Ағылшын тілінен жоғарғы оқу орын ішілік олимпиада сайыс.

10 Сәуір 2018

2018 жылдың 6 сәуірінде шет тілі кафедрасында «Жалпы медицина» және «Биология» мамандығының 1 курс студенттері қатысқан ағылшын тілінен жоғарғы оқу орын ішілік сайыстың қорытынды кезеңі өтті.

Сайыс үш айналымнан тұрды. Бірінші айналымның тапсырмасы ағылшын тілінен лексикалық білімді айқындауға, оқылған мәтінді түсінгендігін тексеруге және мәтіндегі керекті ақпаратты табу қабілеттілігіне бағытталды.

Екінші айналым тыңдалым мен оқудың (ауызша және жазбаша мәтінді түсіну) біріктірілген тапсырмасынан құралды. Қатысушылар оқылған материалды түсіну қабілетімен және оны бейнероликтен алынған ақпаратпен салыстыруда жарысты. Айналымның нәтижесі бойынша сайыста 6 қатысушы қалды.

Қорытынды үшінші айналым шет тілінде сөйлеу (жануарлар бейнеленген қызықты суретті сипаттау) қабілетін бағалауға, әріптесіңді түсінуге және оның сұрақтарына жауап беруге бағытталған.

Айта кететін жағдай, барлық қатысушылар ағылшын тілінен жоғарғы білім деңгейін көрсетті және әділ қазылар алқасына жеңімпазды анықтау қиынға соқты. Барлық баллдарды есептегеннен кейін үздіктердің үздігі анықталды.

Дипломдармен және сыйлықтармен келесі қатысушылар марапатталды:

 бірінші орын- Тлеуов Аслан (1-027 ЖМ),

 екінші орын- Анасова Меруерт (1-027 ЖМ),

  үшінші орын- Абенов Азамат (1-001 ЖМ).

Сонымен қатар, алғыс хаттар мен сыйлықтарға иеленді:  Молдабаев Мұқағали,  Ғабпасова Мөлдір, Бателхан Мағжан.


0
4334

пікірлер

пікір қалдыру үшін.