Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Витебск қаласындағы академиялық ұтқырлық

Витебск қаласындағы академиялық ұтқырлық

10 Сәуір 2018

2018 жылдың 13-19 наурыз аралығында академиялық ұтқырлық аясындаВитебск Халықтық Достық ордені мемлекеттік медицина университетіне Педиатрия және перинатология кафедрасының меңгерушісі проф. Абеуова Б.А. мен Бала жасындағы стоматология және хирургиялық стоматология кафедрасының меңгерушісі Тулеутаева С.Т барды. Беларусь Республикасының тарихы бай және көбінесе Ұлы Отан соғысымен, Беловеждік орманымен байланыстырады. Витебск қаласы өзінің ғасырлық тарихымен, Марк Шагал мен Илья Репиннің шығармашылығымен, «Славян базарының» әндерімен танымал.

Театр ілгіштен басталғандықтан, біздің Беларусь елімен танысуымыз Минск қаласындағы әуежайдан басталды. Үлкен мегаполистің тазалығы мен мейірімділігібіздітаң қалдырды. Витебск каласына келіп,өзіміздің қонақжай әріптестеріміздің ортасында болдық және қызу жұмысқа кірістік. Педиатрия және стоматология факультеті студенттерімен екі апта бойы тақырыптық жоспар мен күнтізбеге сәйкес дәрістер мен тәжірибелік сабақтар өткізілді. Тәжірибелік сабақтар белсенді оқыту әдістерін қолдана отырып жүргізілді, білім алушыларға үлкен қызығушылық тудырған проблемалық дәрістер оқылды. Белорусь студенттеріне қазақстандық студенттерді оқыту әдістемелеріне қызығушылық танытты. Сабақтардың барлық түрлері қызықты өтті, студенттердің зерттелетін мәселелерді талқылауға белсене қатысуы, студенттердің танымдық белсенділігін ынталандыртты. ВММУ-де 1981 жылдан бастап көптеген шетелдік студенттер оқиды. Мысалы, стоматологиялық факультетте студенттердің 90%-дан астамы шетелдік азаматтар - Ресей, Түркменстан өкілдері.

Қонақтар мен студенттердің тұруына жасалған тұрмыстық жағдайын атап өтпеу мүмкін емес. Жайлы бөлмелер өмір сүру мен оқыту үшін қажетті барлық заттармен жабдықталған. Витебск қаласына біз келуіміз жақсы эмоциялар мен жаңа әсерлерге толы болды.

Екі апта бойы оқытушыларарасында тәжірибе алмасу,болашақ дәрігерлерді заманауи жағдайларда оқыту мәселелері, білім беру іс-әрекеттерінің негізгі бағыттары талқыланды. Бірлескен іс-шаралар мүдделі тараптар үшін тиімді және жемісті өтті. Академиялық ұтқырлық аясында одан әрі ынтымақтастық мәселелері талқыланды.


0
4309

пікірлер

пікір қалдыру үшін.