Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
ҚММУ Мисс және Мистері таңдалды

ҚММУ Мисс және Мистері таңдалды

10 Сәуір 2018

  7 сәуірде К.С. Станиславский атындағы Қарағанды Мемлекеттік орыс драма театрында «Мисс және Мистер ҚММУ 2018» байқауының финалы өтті.

  Биылғы жылғы іріктеу кезеңіне 50 астам студент қатысты, бірақ финалға 14 ғана өтті. «Біздің студенттердің медицинада ғана емес, сонымен қатар шығармашылығында да талантты екенін көргеніміз өте жақсы» - дәл осындай ізгі ниеттерімен  ҚММУ оқу әдістемелік жұмыс жөніндегі проректорі Риклефс Виктор Петрович  қатысушылар мен қонақтарды құттықтады.  

  «Мистер мен Мисс» - бұл атақ үшін күрес қана емес: бұл бауқауда қатысушылар мен олардың жанкүйерлері қонақтарымызға жақсы көңіл күй, күлкі және позитив сыйлайды. Бұның барлығы ұйымдастырушылар мен қатысушылардың бірігіп жұмыс істеуі және де олар достық пен креативті атмосферада болуы. «Сөзсіз бұл байқау студенттік өмірде достықтың болуын, адал ойынды және бәсекелестік күреске қарамастан бір біріне мейірімді болуын қолдайды», - деп ұйымдастырушылардың бірі «Конферансье» үйірмесінің жетекшісі Скендирова Азима айтты.

  Ең жауапты және күрделі жұмыс қазылар алқасына түсті. Оның құрамына: «Мисс Қарағанды 2015», «Вице-Мисс Қазақстан 2015» Рената Нұрғазина, танымал фотограф Дмитрий Юсупов, «OLDBOY» барбер-шопа және тату-студиясы  Алмас Тұяханов, «Dana dress ROOM» кешкі көйлектер салонының иесі Дана Жекенова, профессионалды фотограф Константин Павленко және де  «Кувалда» спорт клубының өкілі кірді.

  Бауқаудың финалы 4 кезеңнен тұрды:  «Сәлемдесу», «Сұрақ - жауап», «Шығармашылық номер» және  «Кешкі дефиле». «Сұрақ - жауап» кезеңі Астана қаласының 20 жылдығына арналған болды – қатысушыларға елордамыз Астана қаласының тарихы жайында сұрақтар қойылды.

  «Бұл шын мәнінде керемет шоу. Біздің студенттер жарады.
 оқу жүктемесінен басқа, әркім өз шығармашылық қабілеттерін жүзеге асыруға уақыт табады. Мұндай іс – шаралар сөзсіз керек», - деп ҚММУ университеттің провосты (бірінші проректоры) Вайва Хэндриксон белгілеп айтты.

  Шоуымыздың хэдлайнерлері креативті орталық «W» дың тобы «Хан тәңірі» және де бәріне белгілі ансамбль «Хайдакъ» болды. Сондай – ақ Халықаралық шығыс билер ансамблі «Қаракөз», «Golden Step» тобы және  «Yes Team» би топтары да болды.

  Жеңіске деген ұмтылыс қобалжулары сахнада ғана емес сонымен қатар әділ – қазылар алқасына да шешім қабылдау оңай болмады. Ой- пікірлер әр – түрлі болды, қатысушылардың әрқайсысы биік атаққа лайықты болды. Көп талқылаулардан кейін, «Мисс ҚММУ 2018» атағын және де 50 мың теңге көлеміндегі сертификат  Жалпы медицина факультетінің 1 курс студенті Гульбану Төлеубаева алды. «Мистер ҚММУ 2018» атағын және де 50 мың теңге колеміндегі сертификатын орта медицина қызметкерлерін оқыту факультетінің 2 курс студенті Еламан Дүйсенбаев алды.

  «Вице-Мисс ҚММУ 2018» атағын Жалпы медицина факультетінің 2 курс студенті Айзада Сиражиден алды, ал «Вице-мистер ҚММУ 2018» атағын Халықаралық медицина факультетінің 2 курс студенті Шарма Вишвйит алды.

  «Осындай маңызды іс – шарада қазылар алқасының мүшесі болу өте қуанышты. Биылғы жылы «Мисс Қарағанды» байқауының шарттарына сәйкес жеңімпаз сіздің университетіңізді ұсынатын болады деп хабарлағым келеді және Гульбану автоматты түрде финалист болады», - деп «АртЛайн» Халықаралық модельдік агенттігінің PR-менеджері және аймақтық сұлулық байқауларының ұйымдастырушысы «Мисс Қарағанды 2015», «Вице-Мисс Қазақстан 2015» Рената Нұрғазина айтты.

  Бұл күні қатысушылардың барлығы жеңімпаз болды. Барлық қатысушыларға арнайы сыйлықтар беріліп, серіктестер мен демеушілерден  сертификат марапатталды.

 

Жастармен жұмыс жөніндегі бөлім.


0
5406

пікірлер

пікір қалдыру үшін.