Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
И.П.Павлов атындағы Рязань мемлекеттік медициналық университетіндегі академиялық ұтқырлық

И.П.Павлов атындағы Рязань мемлекеттік медициналық университетіндегі академиялық ұтқырлық

09 Сәуір 2018

Біз, 2 жылғы резидент-эндокринологтар: Серикова Галия Жанаевна, Жансеитова Арузат Алиарханқызы, Евграфова Елена Николаевна академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша РязММУ-да оқыдық. Бұл екі ЖОО арасындағы келісім-шарт шеңберіндегі ЖОО кейінгі білім беру бойынша алғашқы рет алмасу жағдайы болды.

Бірінші күннен бастап бізді РязММУ халықаралық бөлімінің қызметкерлері Е.Д.Дементьева және Д.К.Мосина жылы қарсы алды. Олар Рязань қаласының, университеттің  тарихымен таныстырып, корпустар бойынша және мұражайларға саяхат жүргізді.

Біз «Балалар эндокринологиясы» циклін Облыстық клиникалық ауруханада, сонымен қатар Н.В.Дмитриева атындағы облыстық клиникалық балалар ауруханасында орналасқан  эндокринология, клиникалық фармакология, кәсіби аурулар курсымен бірге факультеттік терапия кафедрасында өттік.

Циклды өту барысында профессор И.И.Дубининаның «Қант диабетінің емі», «Инсулиннің инновациондық препараттары», «Акромегалияны емдеудің инновациялық әдістері», «Қалқанша маңы безінің аурулары», «Кушинг ауруы және синдромы», сонымен қатар, доценттер С.В.Берстнева, Л.В.Твердова, В.В.Баранов, Рязань облысының бас балалар эндокринологы, РОБКА педиатриялық бөлімшесінің меңгерушісі А.Ю.Филимонованың дәрістері мен тәжірибелік сабақтарына қатыстық.

Облыстық клиникалық ауруханасының эндокринологиялық бөлімшесі және ОБКА педиатрия бөлімшесі базасында науқастарға курация жүргіздік, қызықты клиникалық жағдайларды талдап, Ресей Федерациясындағы медициналық қызметтің ерекшеліктерімен таныстық. Біз балаларға арналған мамандандырылған жоғары технологиялық эндокринологиялық көмек көрсетуді, инсулиндік помпаны құру және бақылау, қан глюкозасын үзіліссіз мониторингілеуді үйрендік.

Сонымен қатар, тек оқу үрдісіне ғана емес, мәдени- көпшілік шараларға да көңіл бөлдік: авторлық ән кеші мен 23 ақпан және 8 наурыз мерекелерінің құрметіне жасалған концерттерді тамашаладық. Бізді Рязань қаласының дәстүрлері және тарихи мәдениет ескерткіштерімен таныстырды: Рязандық Кремль, Успен соборы, Соборлық қоңыраухана, Христорожденственский соборы, Олег Сарайы. Академик И.П.Павловтың мұражай- мекеніне бардық, ол жерде әйгілі ғалымның  өмірлік және ғылыми жолымен тереңірек таныстық.

Оқу кезеңінің соңына қарай біз РязММУ ректоры, профессор Роман Евгеньевич Калинин және оқу жұмысының проректоры Олег МихайловичУрьясевпен кездесіп, оқудағы ұсынылған жаңа тәжірибе үшін үлкен алғысымызды білдірдік.

ҚММУ ректоры, профессор Р.С.Досмағамбетоваға және ҚММУ халықаралық қарым-қатынас бөліміне берілген мүмкіндік пен көрсетілген қолдау үшін көп рахмет айтамыз.

Г.Ж.Серикова

А.А.Жансеитова

  Е.Н.Евграфова

 «Эндокринология, сонымен қатар балалар» мамандығының резиденттері


0
5148

пікірлер

пікір қалдыру үшін.