Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
19.03. -30.03. 2018 ж. аралығында академик И.П. Павлов атындағы Рязань мемлекеттік медицина университетінде өткізілген академиялық ұтқырлық туралы мақала

19.03. -30.03. 2018 ж. аралығында академик И.П. Павлов атындағы Рязань мемлекеттік медицина университетінде өткізілген академиялық ұтқырлық туралы мақала

06 Сәуір 2018

    Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 19.03. 2018 ж. - 30.03.2018 ж. аралығында Ресей Федерациясының денсаулық сақтау министрлігінің  Федерациялық мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесі «И.П. Павлов атындағы Рязань мемлекеттік медицина университетінің» патологиялық физиология кафедрасында және эндокринология курсында болдым.  

  РязММУ патологиялық физиология кафедрасы орналасқан, емхана ретінде  физиологиялық корпус ғимаратын 100 жылдан астам уақыт бұрын 19 ғасыр басында көпес И.П. Лебедев  салған және ол қазіргі уақытта Ресейдің ұлттық мәдени мұрасына жатады. Патологиялық физиология кафедрасын РФ ғылымына еңбегі сіңген қайраткер, м.ғ.д., профессор Юрий  Юльевич Бяловский басқарады.

Терапиялық пәндер кафедрасының эндокринология курсы Облыстық клиникалық аурухананың эндокринологиялық бөлімінің базасында орналасқан. Онда бір ай бойы академиялық ұтқырлық бойынша  «Эндокринология» мамандығының 2-жыл оқитын резиденттері болды. Эндокринология курсын РФ ғылымына еңбегі сіңген қайраткер, медицина ғылымдарының докторы, профессор Инесса Ивановна Дубинина басқарады.  

   Аталған уақыт аралығында мен 72 сағат көлемінде «Медицина саласының қызметкерлерін даярлаудағы  патофизиологияның және клиникалық патофизиологияның  таңдамалы сұрақтары» қосымша кәсіби бағдарламасы бойынша біліктілікті жоғарлату курсынан өттім; бекітілген күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сай 15 сағат көлемінде дәрістер оқып, тәжірибелік сабақтар жүргіздім.  Дәріс материалдары типтік бағдарламаға сай, «Патофизиология» пәнінің жеке курстарында оқытылатын тақырыптар бойынша сұрақтардан, проблемалық дәрістердің элементтерінен құрастырылған, бұл студенттерде қызығушылық туғызды. CBL, TBL тәрізді белсенді оқыту әдістерінің элементтерін қолдана отырып, білім алушылардың ой-өрісін ынталандыра, сабақтардың барлық түрлері толыққанды және қызықты өтті. Аталған оқытудың белсенді әдістері кафедраның оқытушылық құрамымен талқыланды.

  Білім алудың және білім берудің қаныққан бағдарламасынан бөлек Рязань қаласының мәдени ескерткіштері: Рязань кремлі, Успен шіркеуін,  И.П. Павлов атындағы мұражайды;  орыстың біртуар ақыны С.Есениннің отаны Константиново ауылын; көркемдік мұражайды; «Дары Терпсихоры» көрме залын араладым.  

    РязММУ өткізген академиялық ұтқырлық бағдарламасы мен үшін өте қаныққанды және  жемісті болды деп есептеймін.  Алған білім мен тәжірибе кафедраның оқу-әдістемелік, ғылыми және клиникалық жұмыстарына енгізіледі. Біздің университеттің және Рязань университетінің басшылықтарына оқу және кафедралар арасындағы шығармашылық ынтымақтастық жағдайын  жасағандары үшін  алғыс білдіргім  келеді.

Патологиялық физиология

кафедрасының меңгерушісі,  

терапиялық пәндер кафедрасының

профессоры Жәутікова С.Б.


0
5182

пікірлер

пікір қалдыру үшін.