Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
РХДУ университетінде терапевтік стоматология бойынша IX Бүкілресейлік студенттік олимпиядағы студенттердің жетістіктері

РХДУ университетінде терапевтік стоматология бойынша IX Бүкілресейлік студенттік олимпиядағы студенттердің жетістіктері

05 Сәуір 2018

29-30 наурызда Ресей Халықтар Достығы Университетінің (RUDN University) бас корпусында терапиялық стоматология бойынша  халықаралық қатысумен өткен IX Бүкілресейлік студенттік олимпиада өтті. Бұл іс-шараның ұйымдастырушысы RUDN University медициналық институтының ғылыми студенттік қоғамы болды.

Дәстүр бойынша олимпиаданы RUDN University медициналық институтының директоры - Абрамов Алексей Юрьевич және терапевтік стоматология кафедрасының меңгерушісі - Даурова Фатима Юрьевна ашты.

Олимпиада қатысушылары Ресейдің 14 түрлі медициналық жоғары оқу орындарының (Н.И. Пирогов атындағы РМҒЗИ, ДММУ, ПМПбГМУ, СПбМУ,СММУ, ТММУ, ПГМУ және т.б.) және Қазақстанның (ҚММУ) 3-5 курс студенттері болды.

Олимпиада барлығы 5 сайыстан тұрды:

1. Сәлемдесу

2. Постерлер

3. Ғылыми баяндама

4. Эндодонтия

5. Реставрация

ҚММУ стоматологтар командасын атынан Гарифуллина Рузиля (5-курс), Мақаева Гүлжан (5-курс), Токтамысова Асем (5-курс) қатысты.  Біздің команда ҚММУ туралы презентация жасады және ректор Р.С.  Досмағамбетованың қатысуымен кіріспе бейнебаян  көрсетті. «Сәлемдесу» байқауының қорытындысы бойынша біздің команда Санкт-Петербург және Архангельск командаларына ғана жол беріп, 3-орын алды.

Мақаева Гүлжан («Стоматология» мамандығының 5 курс студенті) «Карағанды қаласының балаларының ортодонтиялық емдеу қажеттілігін анықтау» тақырыбында постердің презентациясын өткізді (жетекшісі: А.Г. Жармағамбетова балалар стоматологиясы және хирургиялық стоматология кафедрасының ассистенті). «Постерлер» байқауының қорытындысы бойынша ол 1 орын иеленіп, бірінші дәрежелі дипломмен марапатталды.

Олимпиаданың жүлдегерлері «Tokuyama Dental», «CURAPROX», «SENSODYNE» компанияларынан стоматологиялық материалдары бар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Біз ҚММУ басшылығына ректор, профессор Р.С. Досмағамбетоваға халықаралық деңгейдегі олимпиадаға қатысуға мүмкіндік бергені үшін балалар стоматологиясы және хирургиялық стоматология кафедрасының ғылыми үйірмесіне, кафедра меңгерушісі С.Т. Төлеутаеваға зерттеулерді жүргізуге және нәтижелерді талқылауға, ұсынылған зерттеу тақырыбына, жұмыстың қызығушылығына және назар аударуға көмектескені үшін шын жүректен алғысымызды айтамыз.

Бізді кәсіби маман болуға ұмтылған, бізге сеніп, бүгінгі күнге дейін Қарағандыдан қолдау көрсеткен мұғалімдерімізге алғысымызды білдіреміз.

Бұл Мәскеуде өткен ең керемет күндер болды. Біз Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің студенттері екенімізді мақтан тұтамыз.

Жалпы медицина және стоматология факультетінің студенттері:

Р. Гарифуллина

Г. Макаева

А. Токтамысова


0
4855

пікірлер

пікір қалдыру үшін.