Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Германиядан келген профессор Франк Хааманн сапары

Германиядан келген профессор Франк Хааманн сапары

05 Сәуір 2018

Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің аға сарапшылар қызметінің (Германия) ынтымақтастығы аясында 2018 жылдың 26 наурызында университетке медицина ғылымдарының докторы Франк Хааманн келді. Профессордың сапарының басты мақсаты - ҚММУ профессор-оқытушылар құрамын дайындау.

Сарапшы жалпы медицина, жалпы хирургия, инфектологияның барлық негізгі бағыттары бойынша көп жылдық тәжірибесі бар. Көп жылдар бойы сарапшы жалпы медицина саласындағы Эппендорф Университеттік ауруханасында, соның ішінде инфектология бойынша маман болып жұмыс істеді. Кәсіптік медицина саласындағы білімдер, сондай-ақ алдын-алу оңалту тақырыптар бойынша консультациялар оның құзыретіне жатады. Шетелде жұмыс тәжірибесі бар және Үндістанда инфекция бақылау бойынша жоспар әзірлеген.

Сапар барысында сарапшы эпидемиология және гигиена кафедрасына, №2 хирургиялық аурулар кафедрасына, балалар стоматологиясы және хирургиялық стоматология кафедрасына, акушерлік және гинекология кафедрасына және басқаларына барады. Профессордың ҚММУ-ге сапары 2018 жылдың 14 сәуіріне дейін жалғасын табады.


0
4259

пікірлер

пікір қалдыру үшін.