Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Жаңа көкжиектер

Жаңа көкжиектер

04 Сәуір 2018

2018 жылдың 30 наурызында «INSIGHT» пікірталас клубында «Мемлекеттік тілдің жаңа мүмкіндіктері» атты отырыс өткізілді. 

  Қазақ әліпбиі ұзақ жолдан өтті, ол VI-VII ғасырлардан бастама алады, бұл кезеңде тарихта орхан-енисей жазулары деген атпен танылған ежелгі түрік руна жазулары пайда болған болатын. Бұл адамзат тарихында ежелгі әліпби болып саналады.  V-XV ғасырларда түркі тілі материктің көпшілік бөлігінде ұлтаралық тілге айналады, ал қазіргі Қазақстан аумағында 900 жыл бойы араб жазуы қолданылған болатын. 1929 жылдың 7 тамызында латын әліпбиі негізінде «Бірыңғай түрік әліпбиін енгізу туралы» қаулы қабылданады. 1940 жылдың 13 қарашасында «Қазақ тілін латын әліпбиінен орыс графикасы негізіндегі әліпбиеге ауыстыру туралы» Заң қабылданады.

  Латын әліпбиіне көшудің өзіндің қисыны бар болатын. Елбасының пікірінше, бұл XXI ғасырда заманауи технология мен коммуникацияны, ғылыми және білім беру процесттерін енгізу ерекшеліктеріне байланысты. 

  Біздің студенттер де латын әліпбиіне көшудің көптеген  жағымды жақтарын көріп отыр, өйткені бұл бізге қазіргі уақытта әлемдегі, әсіресе жаңа ғылыми әдебиеттер шет тілінде берілетіндіктен, медицинада шет тілдерін білу қажеттілігіне байланысты даму жолының жаңа көкжиектерін ашып отыр. Медицинада аударылған кітаптарды күтпей-ақ, бірден жаңа білімдер алу аса маңызды. Тек бір жағдайда ғана біздің студенттердің пікірі екіге жарылып отыр – осы жазу түрінде қабылданған әліпбиде қазақ әріптерін латын әліпбиіне қалай үйлестіру қажет. Пікірталасқа қатысушылар өздерінің әріптестерінің талқылауына өте қызықты идеялар ұсынған болатын. «Біз әліпбиеге көшіп болғанша, кемшіліктер түзелетін болады» - деген  студенттер латын әліпбиіне көшуді толық қолдап отыр.

  Бұрыннан келе жатқан пікірталастық дәстүр бойынша барлығы қол алысып, қызу пікірталастан соң өткізілген пікірталастан жаңа идеялар мен сан ойларға қанығып қайтты. 

 

Игорь Фисенко, «INSIGHT» пікірталас клубының басшысы

Жастармен жұмыс жөніндегі бөлім


0
4592

пікірлер

пікір қалдыру үшін.