Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
XIII Халықаралық Пирогов ғылыми медициналық конференциясы

XIII Халықаралық Пирогов ғылыми медициналық конференциясы

28 Наурыз 2018

2018 жылғы15 наурыздаМәскеу қаласындағыН.И. Пирогов атындағы ресейлік ұлттық зерттеу медицина университетінде «XIII Халықаралық Пирогов ғылыми медициналық конференциясы» өтті. Бұл іс-шарағаРесейдіңжәне жақын және алыс шет елдердің студенттері мен жас ғалымдар 21 бөлім бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұсына алады. Н.И. Пирогов атындағы РҰЗМУ– Ресейдегі ұлттық зерттеу университетінің санатына тағайындалған жалғыз халықаралық медициналық мектеп. РҰЗМУ ғылыми қызмет әлемінің жетекші биомедициналық орталықтарымен ғылым және халықаралық ынтымақтастықтың басым бағыттары бойынша ғылыми зерттеулерді қамтиды.

ҚММУ студенттері: Мұсабеков Исламбек (7-014), Tлеукулова Айсұлу (6-017), Ивачёв Павел (5-106) «Жалпы хирургия, трансплантология, травматология және ортопедия, урология» бөлімі бойынша баяндама жасады. Секциясының төрағасы м.ғ.д., профессор Тер-Ованесов Михаил Дмитриевич болды. Іс-шараны ұйымдастыру барысы өте жақсы, сонымен қатар студенттер болашақ дәрігерлерге конференцияға қатысып, дәріс пен форсайтқа қатысу үшін мүмкіндік берді.

Біз, ҚММУ ректорына, м.ғ.д., профессор Раушан Сұлтанқызы Досмағамбетоваға, стратегиялық даму, ғылым және халықаралық ынтымақтастық проректоры, м.ғ.д. А.А. Турмухамбетоваға, Жалпы медицина және стоматология факультетінің деканы, м.ғ.к. В.Б. Ташкенбаеваға, Госпиталдық хирургия кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Е.М. Тұрғыновқа қатысуға мүмкіндік бергені үшін зор алғысымызды білдіреміз. Сондай-ақ біздің ғылыми жетекшілеріміз: PhD, доцент м.а. Д.К. Калиеваға, Д.М. Амангелдиевке көмек пен қолдау көрсеткені үшін алғысымызды білдіреміз.

П.А. Ивачёв

Студент 5-106 топ. «ЖМ» 


0
4461

пікірлер

пікір қалдыру үшін.