Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Халықаралық хирургия бойынша олимпиада

Халықаралық хирургия бойынша олимпиада

16 Наурыз 2018

2018 жылдың 22 ақпанда Екатеринбург қаласының (Ресей) Орал мемлекеттік медицина университетінде академик М.И. Перельман атындағы хирургиядан студенттіколимпиаданың XXVll аймақтық кезеңі өтті.

Біздің университетіміздің атынан 6-шы курс интерн-хирургтары қатысты:команда капитаны Амангельды Долотбек Уулу, Валентин Золотарев, Павел Цильке және «Жалпы медицинаның» 5-ші курстың студенттері:Нурдаулет Абдумуталов, Нағы Курваналиев, Александр Шабанов.

Біздің командамызды №2 хирургиялық аурулар кафедрасының меңгерушісімен, профессор Е.М.Тұргұнов дайындады.

  Ұйымдастырушылар бізді жылы қарсы алды. Олимпиада қатысушыларының қатарында достық атмосфера қалыптасты. Анатомия кафедрасының доценті А.А. Якимов анатомиялық мұражайға экскурсия жасады. Мұнда жоғары сапалы көптеген анатомиялық препараттар ұсынылған және студенттер өздерінің бос уақыттарын өткізіп, сабаққа дайындала алады. Бізге сондай-ақ, оперативті хирургия және топографиялық анатомия кафедрасында толық функционалды лапароскопиялық бағаны ұнады және оның көмегімен студенттер эксперименталды жануарлармен және кадаврларда көптеген әртүрлі операциялар жасалады.

Олимпиада бағдарламасында 9 байқау өтті. Олар: «Хирургиялық тораптары тігін тоқу», «Нейрохирургия»з, «Сіңірге тігіс салу», «Пластикалық хирургия», «Урология», «Абдоминалдық хирургия», «Эндоскопия»,  «Жүрек-қан тамырлары хирургиясы», «Остеосинтез» байқауына команданы жалпы хирургия және травматология кафедрасының меңгерушісі Б.Е. Төлеубаев дайындады.

Біздің  командамыз 4 байқауға қатысты: «Абдоминалдық хирургия», «Урологиялық байқау», «Сіңірге тігіс салу», «Остеосинтез».

  Олимпиаданың қорытындысы бойынша біздің командамыз келесі жүлделі орындарға ие болды:

2 орын - «Сіңірге тігіс салу»: Амангельды Долотбек уулу, Валентин Золотарев, Нурдаулет Абдумуталов, Александр Шабанов.

3 орын - «Остеосинтез»: Валентин Золотарев, Амангельды Долотбек уулу, Павел Цильке, Нағы Курваналиев.

 ҚММУ ректоры, профессор Р.С. Досмағамбетоваға олимпиадаға қатысуға мүмкіндік бергені үшін үлкен алғысымызды білдіреміз.

«Жалпы медицина» мамандағының 5 және 6 курс студенттері


0
5024

пікірлер

пікір қалдыру үшін.