Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Мониторингке дайындық бойынша жоғары білім беру саласындағы әлеуетті арттыру жобаларының топтары үшін кеңес беру» вебинары

«Мониторингке дайындық бойынша жоғары білім беру саласындағы әлеуетті арттыру жобаларының топтары үшін кеңес беру» вебинары

14 Наурыз 2018

2018 жылдың 13 наурызында Қазақстан Республикасындағы Эразмус+ бағдарламасының ұлттық офисі «Мониторингке дайындық бойынша жоғары білім беру саласындағы әлеуетті арттыру (ЖББСӘА) жобаларының топтары үшін кеңес беру» тақырыбында вебинар ұйымдастырды. Вебинарды Қазақстандағы Erasmus+ бағдарламасының ұлттық үйлестірушісі Шайзада Умурзаковна Тасбулатова жүргізді. Вебинар жоба топтарын мониторингтің түрлері мен ережелерімен таныстыру үшін өткізілді.

Вебинарға Қазақстанның көптеген университеттері қатысты: Қарағанды мемлекеттік медицина университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті және т.б.

ҚММУ қатысуымен іске асырылған барлық Erasmus+ жобасының қатысушылары: WELCOME, TUTORIAL, ProInCa, TAME, TRUNAK Қарағанды мемлекеттік медицина университетінтаныстырды.

Вебинарда келесі сұрақтар қарастырылды:

1.  Мониторингтің мақсаттары мен функциялары

2.  Мониторинг түрлері және бағалау критерийлері

3.  Жобаны іске асыру сапасын бағалау индикаторлары мен дескрипторлары

4.  Мониторингке дайындық кезінде байланыс

5.  Мониторинг үшін ақпарат және қажетті құжаттар

6.  Мониторингке дайындық кезінде қателер

7.  ЖББСӘА жобаларын мойындау

8.  Кері байланыс

Бұдан басқа, Қазақстандағы Эразмус + бағдарламасының ұлттық кеңсесі 2018 жылы әртүрлі жобалар бойынша мониторинг жоспарын ұсынды.

Тұсаукесердің соңында вебинардың барлық қатысушылары Т.Ш. Тасболатоваға сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. 


0
4331

пікірлер

пікір қалдыру үшін.