Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Курск қаласында өткен үшінші Халықаралық практикалық олимпиадасына ҚММУ студенттер командасының қатысуы

Курск қаласында өткен үшінші Халықаралық практикалық олимпиадасына ҚММУ студенттер командасының қатысуы

14 Наурыз 2018

2018 жылы 2-3 наурыз айында Курск қаласының мемлекеттік медицина университетінде ІІІ халықаралық практикалық олимпиада өтті. ҚММУ атынан бесінші курс студенттер командасы қатысты. Команда құрамында: Пак Элина және Төлеубаева Ардақ (5-075 гр.), Эм Сабина және Эм Максим (5-085 гр).

 Бұл жоба 2014 жылы кең ауқымды симуляциялау идеясы бойынша басталды, онда медицина мамандарының аға оқытушылары құтқарушылардың рөлін, кіші – ауқымды аппаттан зардап шеккен адамдардың рөлін атқарады. Студенттерді жобаға тарту үшін алғашқы медициналық көмек көрсету курстары, өткір жағдайлардың клиникалық көріністеріне ерекше назар аудара отырып құрылды. 2015-2016 оқу жылында жоба заманауи пішінге ие болды.

Олимпиада ойындарын өткізудің негізгі тұжырымдамасы - командалық рухты көтермелеу, жылдам және стандартты емес ойлауды ынталандыру, практикалық дағдылардың кең спектрін игеруді мадақтау ретінде қабылданған. Жыл сайынғы қатысушылар саны артып келеді.

Биылғы жылы олимпиада ойындарына Ресейдің, Украинаның және Қазақстанның әртүрлі қалаларынан 34 команда қатысты.

«Жедел медициналық көмек», «№2 жалпы дәрігерлік тәжірибе» кафедрасының қызметкерлері, Практикалық дағдылар орталығының жаттықтырушылары және Қарағанды облысы бойынша ҚР ІІМ ТЖК «Апатты медицина орталығы» мемлекеттік мекемесі медицина қызметкерлері біздің командамызды дайындауға белсенді қатысты.

Олимпиада 2 күнге созылды. Бірінші күн негізі болып бәсекелестік бағдарламасы орын алды (стационарда жаттығу, төтенше жағдай аймағында оқыту, емхана қабылдау, медбике дағдылары, жедел жәрдем командасының жұмысы).

Бірінші күннің қорытындысы бойынша 34 команданың ішінен 10 команда, оның ішінде біздің студенттер финалға шықты.

Екінші күні – жаппай тренинг кезеңі. Жаппай тренинг кезеңінде барлық командалар қатысты.

Бірінші күнде жоғарғы бал жинаған командалар құтқарушылар рөлінде, ал аз бал жинаған командалар апаттық аймақта зардап шеккендердің рөлінде әрекет етті. Біздің студенттерге жеңіс оңайлықпен келмеді,олар күрделі сын күресте осындай жарыстарға көп қатысқан интернатура-анестезиологтармен бәсекелесе отырып, жетекші жоғары оқу орындарының өкілдерімен жоғары деңгейде бәсекеге қабілетті екендігін көрсетті.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша біздің команда 4 орынға ие болып, «Төтенше жағдай аймағына жәрдемдесу» номинациясы бойынша диплом алды.

 

Олимпиада достық және қызықты өтті.

Жеңімпаздарды "Анестезиология, реанимация және қарқынды терапия" кафедрасының меңгерушісі Курск мемлекеттік медицина университетінің м.ғ.д, профессоры С.А. Сумин марапаттады.

Алдағы уақытта ҚММУ студенттер командасы біздің университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы мен басшылықтың белсенді қолдауымен халықаралық және республикалық байқауларға жедел медициналық көмек тақырыбы бойынша үнемі қатыса отырып жеңуді өзінің мақсаты етіп қояды.

Жедел медициналық көмек кафедра ұжымы. 


0
5177

пікірлер

пікір қалдыру үшін.