Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Advanced Technologies & Treatments for Diabetes 2018 атты 11-ші халықаралық конференция.

Advanced Technologies & Treatments for Diabetes 2018 атты 11-ші халықаралық конференция.

05 Наурыз 2018

2018 жылдың 14-17 ақпанында Вена (Австрия) қаласында 11-ші халықаралық  AdvancedTechnologies&TreatmentsforDiabetes (ATTD 2018) атты конференция өтті. Конференцияға 84 елдің қант диабеті саласындағы 2900-ден астам мамандары қатысты. Конференцияның негізгі мақсаты тәжірибелі эндокринологтар мен инженерлер арасында қантты диабетті емдеуге арналған помпалық инсулинотерапия, гликемияны үзіліссіз мониторингілеу және жасанды ұйқы безі атты жаңа технологияларды қолдануда тұрақты ынтымақтастықты құру болды. 

Қарағанды ​​мемлекеттік медицина университетін ATTD 2018-де  «Медицина» мамандығы бойынша докторантураның бірінші оқу жылындағы  Шерьязданова Динара ұсынды. Докторантпен қантты диабетті және онымен байланысты семіздіктің алдын алу үшін жаңа технологияларды енгізу шеңберінде «2 типті қантты диабетін болжамдаудағы Интерлейкин 6 және ісік некрозының факторының рөлі» атты баяндамасы табысты ұсынылды. Халықаралық конференцияларға қатысу тәжірибесі ҚММУ ғылыми қызметкерлерінің университетті алдыңғы қатарлы медициналық ұйымдардың өкілдерімен тең дәрежеде ұсынуға қабілеттігін көрсетті.

Мен ҚММУ басшылығына,  ректор, профессор Р.С. Досмағамбетоваға,  стратегиялық  даму, ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор А.А.Турмұхамбетоваға, өзімнің ғылыми жетекшім, м.ғ.к., №2 ішкі аурулар кафедрасының доценті Е.М. Ларюшинаға және жалпы медицина және стоматология факультетінің деканына  халықаралық конференцияға қатысуға мүмкіндік жасағаны үшін алғыс айтқым келеді.


Шерьязданова Динара

“Медицина” мамандығы бойынша 1-жылдың докторанты


0
4535

пікірлер

пікір қалдыру үшін.