Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қарағанды облысы әкімінің сыйлықтарына студенттер арасындағы ХІІ Спартакиада

Қарағанды облысы әкімінің сыйлықтарына студенттер арасындағы ХІІ Спартакиада

03 Наурыз 2018

    2018 жылдың 22 ақпанынан 2 наурыз аралығында Қарағанды облысы әкімінің  Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына арналған студенттік жастар арасындағы ХІІ Спартакиадасы өтті.

  Спартакиаданың ашылуы 2018 жылдың 26 ақпанында Университетіміздің спорт залында өтті.

  Салтанатты жағдайда Спартакиаданы сәлемдеме сөзімен Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Н.Е.Сухорукова ашты. Спортшыларды Спартакиаданың ашылуымен ҚММУ ректорының кеңесшісі В.Б.Молотов- Лучанский құттықтады.

  Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны ойнап, Спартакиаданың туын Университетіміздің жетекші спортшылары салтанатты түрде таныстырды.

  Жеңіл атлетиканың бас төрешісі Т.А.Клецко төрелік атынан ант берді.

  Студенттердің атынан күрестен халықаралық жарыстардың жүлдегері, ҚММУ жалпы медицина факультетінің 1 курс студенті Нұрдәулет Жолдыбай ант берді.

  Спорт түрлері бойынша басты төрешілерді таныстырғаннан кейін, № 58 орта мектебінің жас барабаншы қыздары дефилесі, “Үеs team” заманауи би студиясы мен “Қаракөз” ансамбілі өнер көрсетті.

  Қарағанды облысының 9 жоғарғы оқу орындарының студенттері 13  спорт түрлерінен қызықты ойындар өткізді және “Облыстың ең спорттық Университеті” атағына келесі спорт түрлері бойынша таласты: баскетбол, валейбол, үстел теннисі, шахмат, шашки, тоғызқұмалақ, шағынфутбол, асық ату, қазақша күрес, қысқы Президенттік көпсайыс, жеңіл атлетика, шаңғы жарысы, коньки тебу спорты.

  Спартакиадаға келесі командалар қатысты:

1. Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті;

2. Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті;

3. Қазақтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті;
4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Бәрімбек Бейсенов  атындағы Қарағанды академиясы;
5. «Болашақ» Қарағанды университеті;

6. Орталық Қазақстан академиясы;

7. Қарағанды мемлекеттік индустриалдық университеті,(Теміртау)
8. О.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті;

9. Қарағанды мемлекеттік медицина университеті.

  Орындар келесі түрде таратылды:

1. Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

2. Қарағанды мемлекеттік медицина университеті.

3. Қазақтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті

4. Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті

5. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Бәрімбек Бейсенов  атындағы Қарағанды академиясы

6. «Болашақ» Қарағанды университеті

7. Қарағанды мемлекеттік индустриалдық университеті,(Теміртау)

8. Орталық Қазақстан академиясы

9. О.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті.

  Жеңіл атлетика манежінде Спартакиаданың салтанатты жабылуы өтті. Спортшылар мақтау қағазы мен құнды сыйлықтармен мадақталды.

 


0
4808

пікірлер

пікір қалдыру үшін.