Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде «Педиатрия» мамандығы бойынша «University medical center» мамандығы бойынша білім алу

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде «Педиатрия» мамандығы бойынша «University medical center» мамандығы бойынша білім алу

02 Наурыз 2018

2018 жылғы 09 – 22 ақпан аралығында «Академиялық мобильділік» бағдарламасы бойынша «Педиатрия» мамандығының 2 курс резиденттері: Б.М. Даутова, У.А. Жамантаева, Д.В. Искакова, Е.А.  Перистая Астана қ. АМБҰҒО (ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы) ревматология бөлімшесінде «Педиатриядағы өзекті мәселелер. Балалардағы жүйелі аурулар» циклін өтті.  Оқу алдында JCI жүйесі мен қауіпсіздік ережесі бойынша  кіріспе нұсқаулық өтті. Резиденттер ревматологиялық аурулардың ажыратпалы диагностикасы мен емі бойынша білімдерін тереңдетті, таңғы конференциялар мен бөлім меңгерушінің медициналық айналымына қатысты, түңгі кезекшіліктерге шықты,  ревматолог дәрігердің қызметін сипаттайтын негізгі нормативтік актілермен танысты.

Оқу барысында буындардың УДЗ, буындар мен жұмсақ тіндердің  МРТ, буындардың рентгенографиясына, буын пункциясына, буынішілік инъекциялар мен биологиялық препараттар енгізу  процедураларына қатысты. 20.02.18ж. трансфузиология бөлімшесінде қан мен қан алмастырғыштарды сақтау туралы дәрісті тыңдап, қан тобы мен резус-факторды анықтау бойынша тәжірибелік бөліміне қатысты. Ревматология бөлімшесінің меңгерушісі М.К. Асылбековамен қызықты клиникалық жағдайлар мен тақырыптар:  ювенильді идиопатиялық артрит, ювенильді дерматомиозит, жүйелі қызыл ноқта, жергілікті склеродермия, спецификалық емес  аортоартериит (Такаяс ауруы) талқылауына белсенді қатысты.

Табысты жұмыс  жасау мен оқу үшін барлық жағдайлар жасалған, медициналық персонал мен ұстаздар тарапынан ғана емес, резиденттер де қолдау көрсетті. Сапардан оң әсерлер ғана қалды. Астана қ. АМБҰҒО-да «Академиялық мобильділік» бағдарламасы бойынша оқу мүмкіндігіне Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің  әкімшілігі мен ревматология бөлімінің меңгерушісі М.К. Асылбекова алған білім мен тәжірибе үшін алғыс айтқымыз келеді.


0
5667

пікірлер

пікір қалдыру үшін.