Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Алматыдағы қос жеңіс

Алматыдағы қос жеңіс

02 Наурыз 2018

  24 – 25 сәуірде С.Ж. Асфендияров атындағы ҚҰМУ – де А.А.Ақановты еске алуға арналған  “KazNMU CUP III” дәстүрлі пікірталас жарысы өтті.

   Үшінші Республикалық жарысқа  ҚР жоғарғы оқу орындарынан  64 студенттік командалары қатысты.

  Қарағанды мемлекеттік медицина университеті атынан «Намыс» пікірталас клубының қатысушылары қатысты. 

  Іріктеу турларының қорытындысы бойынша барлық командалар жиналған спикер ұпайларына сәйкес екі лигаға бөлінді: “Альфа” және  “Бета” . «Альфа» лигасында ең көп жеңіске жеткен және жоғары дәрежелі спикерлер қатысты.

  Төрт іріктеу кезеңінің соңында турнирдің үздік екі командасы «Альфа» лигасының финалына жолдама алды: Әль-Фараби атындағы ҚазНУ (Алматы) және де ҚММУ (Қарағанды). Мағыналы ойын көрсете отырып,  жеңіске деген ерекше ұмтылысымен “KazNMU CUP III” пікірталас жарысының жеңімпазы атанды. ҚММУ командасының капитаны Айжан Маликайдар  және Әль-Фараби атындағы ҚазНУ спикері Нұртуған Өмірзақ жеке біріншілікке финалға шықты. Айжанның айқын дәлелдері төрешілер алқасына ұмытылмас әсер тудырып,  Республикалық жарыстың жеке біріншілікте жеңіске жетіп «Үздік спикер «KazNMU CUP III» атағын алды.

  Біздің жеңімпаздарымызды құттықтап, жаңа жеңістерге жете берулерін тілейміз!


0
4600

пікірлер

пікір қалдыру үшін.