Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Біз – әртүрліміз, біз – теңбіз, біз – біргеміз!

Біз – әртүрліміз, біз – теңбіз, біз – біргеміз!

01 Наурыз 2018

  23 ақпанда Қарағанды мелекеттік медицина университетінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және де алғыс айту күніне арналған  «Біз – әртүрліміз, біз – теңбіз, біз – біргеміз» атты V мерейтойлы студенттік фестивалі өтті.

  Қарағанды мелекеттік медицина университетінде  қырық төрт ұлт өкілдері оқиды. Бізді біріктіретін, ең бастысы: біз – біртұтас, тату, кәсіби және мәдени ҚММУ отбасысымыз!

  Фестивальді ашу барысында, оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор Риклефс Виктор Петрович бүгінгі таңда біздің тарихымызды білу және  Қазақстанда тұратын этностардың салт-дәстүрлерін сақтау маңызды

екенін айта кетті.

  Іс-шара Университет қабырғасында білім алып жүрген этностардың көрмесі мен сәндік-қолданбалы шығармашылықтарынан басталды. 14 көрме стендтері, ұлттық атрибуттармен безендірілген, музыкалық аспаптармен, кәдесыйлар мен қолдан жасалынған заттар фестиваль қонақтарының қуантарлық баға беруіне әсер етті.

  Бұдан әрі аталмыш шара шығармашылық өнер көрсетумен жалғасын тапты. Фестиваль бағдарламасы 6 номинация бойынша өтті. Сараптамалық комиссия мүшелеріне командалардың шеберлігіне баға беру және фестивальдің ауыспалы кубогін алатын лауреаттарды анықтау қажет болды. Сараптама комиссиясының құрамы  облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы, Қарағанды облысы әкімі аппаратының "Қоғамдық келісім" КММ және «Қоғамдық процестерді зерттеу және талдау орталығы» өкілдерінен құрылды.  

  Талантты студент жастарымен кафедралар бірлесе отырып әр ұлт өкілдерін таныстырды: әзербайжандар (фармакология кафедрасы), армян (жалпы хирургия және травматология кафедрасы), грузин (нейрохирургия, неврология және «Ақжүніс» қыздар клубы), ирандықтар (терапиялық пәндер кафедрасы), корейлер (онкология кафедрасы), қырғыз (факультет даярлау, орта медициналық қызметкерлер кафедрасы), немістер (ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасы), татарлар (неврология кафедрасы), өзбектер (терапиялық стоматология кафедрасы), украиндар (Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы), ұйғырлар (биология және фармация профилактикалық медицина факультетінің СӨӨБК) және чуваштар (педиатрия және перинатология кафедрасы). Орыс тілі кафедрасының Халықаралық медицина факультетінің белсенді студенттерімен орыс этносы ұсынылды. Шет тілдер кафедрасының оқытушылары Ұлыбритания қонағы болды, ал қазақ тілі кафедрасы және «Қаракөз» халықаралық шығыс би ансамблімен фестивальдің қонақжай иелері рөлінде болды.

  "Golden Step" би театрының орындауындағы үнді биі және Абуали Ибн Сино атындағы Тәжік мемлекеттік медициналық университетінің 5 курс студенті Султоналиев Алишердің тәжік тілінде орындаған әні қонақтарға сыйлық ретінде болды.

  «Өзіміздің халқымыздың тарихын ұмытпаған жөн. Этносаралық қарым-қатынасты студенттік ортада дамытуға, мәдениетті көтеруге және студенттерді көпұлтты еліміздегі тұратын халықаралық этнос салт-дәстүріне тартуға қосқан үлесі үшін ҚММУ-не рахмет!» - деп сараптама комиссиясының төрайымы, облыстық мәдени – сауық және халық шығармашылығының ғылыми – әдістемелік орталығының мәдени – сауық жұмыстарының бөлімінің жетекшісі Нурманбаева Алтынай Қасымқанқызы атап өтті.

  Фестивальдің барлық қатысушылары ҚММУ ректоры Досмағамбетова Раушан Сұлтанқызының алғыс хаттарымен марапатталды. Ал фестивальдің Гран-при иегері Жалпы хирургия және травматология кафедрасы ұсынған армян этносы болды.

  96 нөмір. Хореография. Режиссура. 30 күн дайындық. 5 мастер-класс өткізілді. Дайындықтар. Тренингтер. Вокал және сахналық сөйлеу. Толқу және жүрек соғуы. Даулар және татуласу. Шиеленіс. Бәсекелестік. Ұйқысыз түндер. Жаңа тәжірибе мен жаңа таныстар. Бұның бәрі  - "Біз – әр түрліміз, біз – теңбіз, біз - біргеміз" фестивалі!


0
4848

пікірлер

пікір қалдыру үшін.