Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Республикалық терминологиялық конференция

Республикалық терминологиялық конференция

27 Ақпан 2018

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2017-2019  жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын  (ІІІ кезең) жүзеге асыру мақсатында Қарағанды мемлекеттік медицина университеті  2018 жылдың 26 ақпанында медицина саласының терминологиясымен айналысатын мамандардың,  медициналық жоғары оқу орындарының, өңірлік денсаулық сақтау басқармалары мен ұлттық, республикалық ғылыми ұйымдарының тіл және терминология мәселелерімен айналысатын мамандарының қатысуымен Халықаралық деңгейде бекітілген грек-латын терминдерінің мемлекеттік тілде қолданылатын медициналық глоссарийлерін оңтайландыру тақырыбында республикалық терминологиялық конференция  өткізілді. Конференция жұмысынаҚР ДСМ жанындағы Республикалық терминологиялық комиссия сарапшылары, медициналық жоғары оқу орындарының, өңірлік денсаулық сақтау басқармалары мен ұлттық, республикалық ғылыми ұйымдардың тіл және терминология мәселелерімен айналысатын мамандары, салалық терминология мамандары, жетекші сарапшылар,  аудармашылар, әдіскерлер, тіл мамандары қатысты. 

Мамандар талқысына фармакология, фармацевтика салалары бойынша шамамен 2500 термин ұсынылды. Сонымен қатар конференцияда салалық  медициналық терминологиясын аударудың, аударылған терминдерді қолданысқа енгізу және біріздендірудің өзекті мәселелері талқыланды. 


0
4628

пікірлер

пікір қалдыру үшін.