Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Medtalks» студенттік конференция шеңберінде Латвия үкіметінің шәкіртақы тұсаукесері

«Medtalks» студенттік конференция шеңберінде Латвия үкіметінің шәкіртақы тұсаукесері

27 Ақпан 2018

23 ақпанда ҚММУ-де «Medtalks» студенттік конференциясы өтті. Конференцияның ұйымдастырушылары: НұржанСабыр, ТемірланДосжанов, РавхатТелманов, Диана Блялова.

Осы іс-шара шеңберінде халықаралық ынтымақтастық бөлімі шетелдік студенттерге арнап Латвия үкіметі ұсынған шәкіртақы бағдарламаларын ұсынды.

2013 жылғы 3 маусымда Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Латвия Республикасының Білім және ғылым министрлігі арасында білім, ғылым және жастар саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Мұндай келісім әлемнің 24 елімен жасалды. Келісімді іс жүзінде жүзеге асыру бағыттарының бірі академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде Қазақстаннан келген студенттер үшін оқыту қаржыландыруды болып табылады.

Латвия үкіметі Қазақстанның оқушыларына Латвия университеттерінің бірінде бір оқу жылын оқу үшін және жазғы мектепке қатысу шәкіртақыларын ұсынады. Сонымен қатар, студенттер таңдап алынған пәндер бойынша тегін білім ала алады, оқу кезеңінде ай сайын шәкіртақы алады және студенттік жатақханада орын беріледі.

2017 жылы ҚММУ-нің 5 студенті Латвия Үкіметі шәкіртақысын тағайындау байқауын жеңіп алды. 2017-2018 оқу жылының күзгі семестрінде олар Латвия университетінде (Рига қаласы) оқыды.

Студенттер осы шәкіртақы бағдарламасына қатысу тәжірибесімен бөлісті, Латвияда білім беру мен студенттік өмір ерекшелігі туралы әңгімеледі.

Байқауға қатысу шарттары туралы егжей-тегжейлі ақпарат Латвия Республикасының білім дамытуы жөніндегі мемлекеттік агенттігінің ресми сайтында ұсынылған http://viaa.gov.lv/eng/international_cooperation/scholarships_gov/latvian_scholarships/

Халықаралық ынтымақтастық бөлімі 


0
4375

пікірлер

пікір қалдыру үшін.