Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
А вирусты гепатитінің эпидемиологиясы мен алдын алу шаралары бойынша тренинг

А вирусты гепатитінің эпидемиологиясы мен алдын алу шаралары бойынша тренинг

21 Ақпан 2018

ҚММУ-інде 2018 жылдың 19 акпанында эпидемиология және еңбек гигиенасы ұйымдастырған «А вирусты гепатитінің эпидемиологиясы және алдын алу шаралары» тақырыбына арналған пәнаралық тренинг жүргізілді. Тренинг жүргізушілері «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының 4 курс студенттері Молдахметова Жулдыз, Мухамеджанова Меруерт, Баймаханов Бауржан, Сарбаев Акылбек, Укубаев Темирлан болды. Олар еңбек қызметі қоғамдық денсаулық сақтау жүйесімен байланысты болашақ түлектер. Тренингке ППҚ, қоғамдық денсаулық сақтау, биология және фармация факультеті деканының орынбасары, сонымен қатар «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының 2-5 курс студенттері және «Мейірбике ісі» мамандығының 4 курс студенттері қатысты. 

Студенттер инфекция көзі, қоздырғыштың берілу механизмі, жолдары мен факторлары туралы айтты және бұл слайдтар көрсетумен сүйемелденді, одан кейін ВГА кезіндегі клиникалық көріністеріне қатысты викторина жүргізілді. Соңында А вирусты гепатитінің алдын алу шаралары туралы бейнежазба көрсетілді. Тренинг қызықты өтті, қатысушылар талқылауға белсенді қатысты, бырлық қойылған сұрақтарға толық жауаптар алынды.

Эпидемиология және еңбек гигиенасы кафедрасы 


0
4457

пікірлер

пікір қалдыру үшін.