Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
16 ақпанда ҚММУ базасында «Жұқпалы аурулар: бүгінгі күннің нақтылығы» ғылыми-практикалық конференциясы жүзіге асырылды.

16 ақпанда ҚММУ базасында «Жұқпалы аурулар: бүгінгі күннің нақтылығы» ғылыми-практикалық конференциясы жүзіге асырылды.

21 Ақпан 2018

ДДҰ мәліметі бойынша, 2 млрд адамдар жұқпалы аурулармен ауырады, соның ішінде 17 млн. көз жұмады. ХХI ғ. инфекциялардың ерекшелігі, иммунопрофилактика жолдарымен бақыланатын эпидемия және пандемия түрінде ғаламға таралатын инфекциялардың пайда болуы, балалар инфекцияларының төмендеуі немесе жойылумен қатар қиын жолмен балалар арасында жиі өлім алып келеді.

Жұқпалы аурулармен күресті жүзеге асырудағы профилактикалық шаралардың арасындағы жетекші орын тұрғындардың вакцинациясына беріледі.  Ол барлық дүние жүзінде инфекциялармен күресте ерекше тиімді, пайдалы және қолжетімді  құрал болып танылады. Қазақстанда 21 инфекцияға қарсы ақысыз вакцинация жүргізіледі. Балалардың иммунизациясы үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сертификацияланған вакциналар қолданылады, яғни қауіпсіздікті және тиімділікті қамтамасыз ететін кепілді сапа.  Қазақстан Республикасының Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің мәліметі бойынша соңғы 20 жыл ішінде вакцина жүргізілетін инфекциялық аурулардың анық төмендеуі байқалады.

Конференцияда эпидемиология аймағында Ресейдің және Қазақстанның жетекші мамандары (Ж.Ж. Джашибекова -  Қарағанды облысы бойынша  ҚДСД, А. М. Куатбаева –ҚР ДМ «Санитарлық эпидемиологиялық сараптама» ҒПО «Жұқпалы және паразиттік аурулардың эпидемиологиялық мониторингі» департамент директорының орынбасары Алматы қ.), пульмонологтар (профессор Г.Л. Игнатова – ЖКБ МББМ  Ресей ДМ «Оңтүстік-Орал мемлекеттік медицина университеті» терапия кафедрасының меңгерушісі м.ғ.д., профессор Челябинск қ., Ресей), жұқпалы аурулар (Д.А Баешева - АМУ балалар инфекциялары кафедрасының меңгерушісі РҚМ «Дәрігер инфекционистердің қоғамы» ассоциация төрайымы, м.ғ.д., профессор,   Астана қ.), профессорлар мен доценттер Р.Х.Бегайдарова, Б.Н. Кошерова, А.А.Ким, Г.К.Алшынбекова, Е.С. Жунусов (Қарағанды мемлекеттік медицина университеті), клиникалық фармаколог (доцент Ш.С. Калиева), реаниматологтар (профессор Н.А.Малтабарова – АМУ анестезиология және реаниматология кафедрасының меңгерушісі) және т.б.

  Ғылыми-практикалық конференцияада жұқпалы аурулар бойынша жағдайлар, балалардағы нейротоксикоз, тұмау, жедел респираторлы инфекциялар, бронхиолиттер, жедел ішек аурулары, описторхоз, вирусты гепатиттер соның ішінде жүктілердегі вирусты гепатиттер мәселелері талқыланды.

  Конференция Пфайзер компаниясымен ұсынылған, «Егілгендер, махаббат, қорқыныш және вакциналар» фильмін көрсетумен аяқталды.


0
4738

пікірлер

пікір қалдыру үшін.