Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Олимпиядалық брейн-ринг

Олимпиядалық брейн-ринг

16 Ақпан 2018

2018 жылдың 9 ақпанында, Қарағанды қаласындақала күніне және де қысқы Пхенчхане олимпияда ойындарына арналған «Қайда? Қайда? Қарағандыда!» атты брейн-ринг жарысы өткізілді. Бұл іс-шараның басты мақсаты – жоғарғы оқу орындарындары студенттері арасында интелектуалды спортты дәріптеу.

Брейн- ринг – бұл  ой өрісі кең ғана болмай, сонымен қатар жарыс кезіндегі өзгерістерге тез әрекет етуі, топпен бірге жұмыс жасап тез арада дұрыс шешімін қабылдауын талап ететін интелектуалды дуэль.

Жарысқа қала университеттерінің әр-түрлі командалары қатысты. Қарағанды Мемлекеттік медицина университеті атынан «INSIGHT» дискуссиялық клубы  ұсынылды. Құрамы: Арсланбек Авазов (1003 ЖМ), Алина Ембергенова  (1004 ФӨТ), Рысжан Жомарт (2001 ҚДС), Айжан Маликова (2039 ЖМ) и Батырхан Өзбеков  (1024 ЖМ).

Ойын бірнеше кезеңдерден: ширек финал, жартылай финал және финалдан құралған. Жарыс барысында біздің қатысушылар «Қазақстанның кеншілер қаласы» туралы және қысқы олимпиядалық ойындары туралы білімдерімен бөлісіп, біздің университетімізді лайықты етіп көрсетіп ІІ орын иегері атанды.

Жеңімпаздарымызды құттықтай отыра, келесі жарыстарда да жеңіске жетуіне тілектеспіз!

«INSIGHT» дискуссиялық клубы


0
5178

пікірлер

пікір қалдыру үшін.