Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
АсықАту. Шешуші іріктеу.

АсықАту. Шешуші іріктеу.

16 Ақпан 2018

  Oблыстық студенттер спартакиадасы қарсаңында ҚММУкомандасының қатысушылары Асық ату бойынша іріктеу жарысын өткізді.

  Асық ату – қазақ халқының дәстүрлі ойыны, дәлдікті, көз мөлшерін, үйлесімділік пен ептілікті дамытатын, жылдан-жылға Қазақстанда және оның шекарасынан тыс жерде  танымалдығы арт түсуде. 2017 жылы Материалдық емес  мәдени мұраны қорғау жөніндегі халықаралық комитетінің шешімімен «Асық ату» ойыны ЮНЕСКО мәдени мұрасы тізіміне енгізілгені бекер емес.

  Іріктеу жарысында шамамен екі ондаған спортшылар қатысты, оның ішінде XII Спартакияданың облыстық әкімнің жүлдесіне қатысу үшін университеттің негізгі кұрамы құрылды. Жарыстың нәтижесі бойынша ҚММУ құрамының капитаны болып Шүкірбай Төлемұрат сайланды.

  «Асық – көп орынды қажет етпейтін, қарапайым және қолжетімді спорт түрі. Бұл ойын біздің ұлттық дәстүріміздің бірі және ұрпақтың мұрагері белгісі, себебі бұл ойынды біздің ата - бабаларымыз ойнаған» – деп  топтың жаттықтырушысы Ф.А.Батиров айтты.


0
4716

пікірлер

пікір қалдыру үшін.