Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Астана қаласында өткен клиникалық анатомия және оперативтік хирургия бойынша халықаралық олимпиада

Астана қаласында өткен клиникалық анатомия және оперативтік хирургия бойынша халықаралық олимпиада

16 Ақпан 2018

  Ақпанның 9-10 күндері «Астана медициналық Университеті» АҚ клиникалық анатомия және оперативтік хирургиядан бірінші Халықаралық олимпиада өтті. Біздің тобымыз Ресей, Қырғызстан және Қазақстанның басқа қалаларынан келген топтарымен хирургиялық дағдырлары бойынша сайысқа түсті.

Біздің студенттер өздерінің тәжірибелік  дағдырларын жақсартуға жақсы мүмкіндік алды.

Қазылар алқасының әділетті шешімі бойынша біздің командамыз келесі номинацияларда жүлделі орындарға ие болды:

«Урология» жарысы бойынша 2 орын – опер. бригада Мукашева Баян, Ясная Наталья, Уразбаев Нурлан; «Нерв пластикасы» бойынша 3 орын – Жунайтов Адлет, Конысбеков Кайырбек; «Капитандар» жарысында 2 орын – Жиганшина Ильмира; түйіндер байлау жарысында 2 орынды  Ирисметов Алишер және Жиганшина Ильмира алды. Бұдан басқа, біздің студенттер абдоминальдық және гепатобилиардық хирургия жарыстар бойынша жоғары бағалар алды.

 Қазылар алқасы және ұйымдастырушылар біздің студенттердің жоғары дайындығын айтып өтті. Астана қаласында өткен Бірінші халықаралық Олимпиада  ҚММУ студенттеріне және интерндерндеріне болашақта өз білімдерін ұлғайтуға және ТМД елдерінің мықты студенттерімен сайысып, өз күштерін байқап көруге керемет мүмкіндік болады деп ойлаймыз.

  Жаңа жеңістер тілейміз, достар!

 «НовоКаин» командасы

0
5392

пікірлер

пікір қалдыру үшін.