Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Алматы қаласындағы ҚазМҮББУ «Медициналық, оның ішінде балалар реабилитологиясы» мамандығы бойынша резиденттердің академиялық ұтқырлығы

Алматы қаласындағы ҚазМҮББУ «Медициналық, оның ішінде балалар реабилитологиясы» мамандығы бойынша резиденттердің академиялық ұтқырлығы

13 Ақпан 2018

  2018 жылдың 15 қаңтарынан 27 қаңтарына дейінгі аралықта  «Медициналық, оның ішінде балалар реабилитологиясы» мамандығы бойынша 2 жылдық білім алушы резиденттер - Инжу Бейбітқызы Смағұлова, Эдуард Германович Варушкин Алматы қаласындағы Қазақ Медицина үздіксіз білім беру университетінде  «Медициналық массаж» элективті пәні бойынша білім алды, оқу «Almaty-Resort» Қазақстан Республикасы Президенті  істері әкімшілігі «Оқжетпес» шипажайы және Алматы қаласының №1 қалалық клиникалық ауруханасы базасында өтті.

Алматы қаласында болған алғашқы күні біз университет әкімшілігімен, академиялық жұмыс жөніндегі проректор Сәуле Темірболатқызы Досқожаева, резидентура бөлімінің меңгерушісі - медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Жанар Мырзағалиевна Аңдасова, ревматология кафедра меңгерушісі, сонымен қатар академиялық ұтқырлық аясында бізге жетекшілік еткен медициналық реабилитология және спорттық медицина емдеу бөлімінің дәрігері Сауле Дамировна Есенгараевамен таныстық. Тренинг барысында медициналық массажы теориясы бойынша лекциялар тыңдалды, практикалық дағдылар бойынша тәжірибелер көрсетілді. Пациенттерді алғашқы емдеуге және әртүрлі нозологияларға  емдік массаж тағайындауға, науқастарды «Авиценна» электронды дерекқорына тіркеуге қатысуға қол жеткіздік.Цикл барысында реабилитация бойынша инновациялық технологиялармен: буындарды сау қалпына келтіруде  “Artromot” аппаратын қолдану, асып қойып емдейтін механизмге “Red cord”,  вертикальді жүйеде жұмыс істеткізетін “Manumed”, «Lokohelp» аппараттарымен таныстық. Онымен қоса, оңалту бөлімдерінің жұмысымен таныс болдық: физиотерапия, гидрологиялық мекемелер, жаттығу залы мен кинезотерапия, сенсорлық бөлме.

«ҚазМҰББУ» әкімшілігі және резиденттерінің, «Almaty-Resort»Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі  «Окжетпес» шипажайы және Алматы қаласының №1 қалалық клиникалық ауруханасы  ұжымының ізгі және мейірімді қарым-қатынасын атап өтіп, тәжірибелік материалды және теориялық мәселелерді кеңінен баяндағаны үшін алғыс білдіреміз, оқытушы қызметкерлердің білім тәжірибесін берудегі қызығушылығы, оқыту аясында жылы қарым-қатынас ортасын құру іскерліктері - өте жағымды әсер қалдырды.

Медициналық қызмет білімді үнемі толықтыруды және кәсіби дағдыларды дамытуды талап етеді. Әсіресе осы міндетті Академиялық ұтқырлық аясында  «Медициналық, оның ішінде балалар реабилитологиясы» мамандығы бойынша 2 жылдық оқу резиденттері орындауда.

ҚММУ ректоры, профессор  Р.С. Досмағамбетоваға, терапевтік пәндер кафедрасының профессоры Н.И. Шевелеваға ерекше алғысымызды білдіреміз.

Терең білім алғанымыз үшін үлкен рахмет! Осы алған білімімізді жұмыс бабында  қолданғымыз келеді.

«Медициналық, оның  ішінде балалар реабилитологиясы» мамандығы бойынша резиденттер: Инжу Бейбітқызы Смагулова, Эдуард Германович Варушкин.


0
5685

пікірлер

пікір қалдыру үшін.