Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Г.С. Красносельскийдің әдісі бойынша медициналық оңалту.

Г.С. Красносельскийдің әдісі бойынша медициналық оңалту.

31 Қаңтар 2018

Медициналық психология және коммуникативтік дағдылар кафедрасының қызметкерлері Лариса Леонардовна Мациевская, Анна Александровна Кнаус және Анастасия Анатольевна Ситдикова соғыс ардагерлеріне медициналық көмек көрсетудің облыстық орталығының терапия бөлімінің науқастарына оқыту жүргізді. Осы диспансердің науқастарына медициналық көмек көрсету бөлігін оңалтуды дамыта отырып, кафедра қызметкерлері профессор Г.С. Красносельскийдің әдістемесі бойынша қарт адамдарға арналған ежелгі қытайлық гигиеналық гимнастиканы енгізді. Бөлім меңгерушісінің м.а. Надежда Борисовна Жолдаспаеваның рұқсатымен қарт науқастардың шағын топтарына (6-7 адам) 25 жаттығудан тұратын гимнастика әдістемелері көрсетілді. Бұл гимнастиканы үйде жасап қайталап тұру үшін барлық науқастарға жаттығулар әдістемесі көрсетілген кітапшалар таратылды.

  Кафедра оқытушылары науқастарды оқыту тәжірибесін осы оқу жылында енгізілген «Науқас-бағдарланған күтім және комплайенс» пәнін оқып жатқан Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің жоғарғы курс студенттеріне көрсетті. «Жалпы медицина» мамандығының  V курс 5-098 топ студенті Бобамурат Анварович Таджикулов осы шараны ұйымдастыруға белсенді қатысты.

  Науқастардың айтуынша қарт адамдарға арналған қытай гимнастикасының жаттығулары өте оңай, алайда нәтижелі, және де ауруханадан шыққаннан кейін де олар Красносельский әдістемесі бойынша ары қарай жаттығатындарын атты. 


0
4669

пікірлер

пікір қалдыру үшін.