Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
“Graduate School of Management in Barcelona” оқу орнындағы академиялық ұтқырлық

“Graduate School of Management in Barcelona” оқу орнындағы академиялық ұтқырлық

24 Қаңтар 2018

Академиялық ұтқырлық аясында біз, 4-курс “Жалпы медицина” мамандығының студенттері:  Шаймерденова Сабина, Сыздыкова Аяулым, Қадыр Саназар, Тұрсынбай Бауыржан, Фермебек Мадина, Бидайшиева Айман, Мүсәлі Олжас, Аскаров Әділет  «Ішкі аурулар негізі» циклын “Graduate School of  Management in Barcelona” оқу орнында өттік.

GSM Barcelona тек қана Шығыс және Батыс Еуропа университеттерімен ғана емес, Кеңес Одағында болған республикалардағы университеттермен де бірге жұмыс жасайтын, жалпы еуропалық институт ретінде құрылған.

Білім алу аясында біз тек оқу бағдарламасын ғана емес, сонымен қатар Испания мен бүкіл Еуропа халқында жиі кездесетін аурулардың заманауи диагностика әдістері мен профилактикасын, А1 деңгейіндегі Испан тілі негізін және де Еуропалық денсаулық сақтау жүйесінің басқару принциптерін үйрендік.

Оқу кезінде біз жаңғыртылған құрал-жабдықтар мен техникаларды, өзгеше білім беру тәсілін, білікті дәрігер-мұғалімдерді, менталитеттегі айырмашылықты және керемет көркем  қаланы көре алдық.

Осы оқу бағдарламасының аясында, біз қаланың өмір сүру мәдениеті мен мегаполистегі атақты сәулетші-Антонио Гауди архитектурасымен таныстық. Тарихи маңызы бар-Триумфальды арканы, II Дүниежүзілік соғыс кезіндегі бункерлерді, керемет парктерді, мұражайларды және қаланың ең әдемі жері-Тибидабо тауы мен сиқырлы “Монжуик”  су бұрқағын көре алдық.

Бізге осындай керемет қалада білім алу мүмкіндігін берген университетімізге және халықараларық қатынастар бөліміне өте үлкен алғысымызды білдіреміз.

“Жалпы медицина” мамандығының 4-курс студенттері: Сыздыкова Аяулым, Тұрсынбай Бауыржан


0
5339

пікірлер

пікір қалдыру үшін.