Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері

Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері

22 Қаңтар 2018

  19 қаңтарда Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде Елбасының жыл сайынғы Жолдауының негізгі ережелерін Қазақстан халқына талқылау үшін қызметкерлер мен студенттердің кездесуі өтті.

  Кездесуді аша отырып, ректордың кенесшісі В.Б. Молотов-Лучанский, осы Жолдаманың бірегей бағдарламалық құжат екендігін белгіледі, ондаҚазақстанның төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында жаңғыртудың 10 негізгі басымдықтары нақты және анық анықталған. «Бұл жолдау бірегей болды. Онда, Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 еліне кіруі бойынша қойылған міндеттердің орындалуын қамтамасыз ететін нақты қадамдар сипатталған», - деп атап өтті Вилен Борисович.

  Сондай-ақ, ректордың кеңесшісі аудиторияға Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша жаңа құрылған аймақтық жылжымалы ақпараттық топ туралы хабардар етті, оның құрамына ҚММУ қызметкерлері мен профессорлық-оқытушыларыенгізілді.

  Бұдан әрі сөз кезігі, стратегиялық даму, ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор А.А. Тұрмұхамбетоваға берілді, ол генетикалық талдауды медицинаға енгізу, медициналық ғылымдыдамытужәне  «Жетекші шетел университеттерімен бірлескен жобаларды жүзеге асырудағытуралы университеттің жетістіктері әңгімелеп берді». Сөз сөйлеу барысында бүгінгі таңда «100 нақты қадам» және Президент Жолдауының шеңберінде университеттерге академиялық және басқарушылық бостандықтар берілетіні атап өтілді. «Биылғы жылы коммерциялық емес акционерлік қоғамға көшу жоспарымызда. Бұл біздің университетіміздің стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады және біздің дамуымыз қазіргі жағдаймен және мемлекеттің стратегиялық дамуымен сәйкес келетіндігін көріп отырмыз», - деп сөзін қорытындылады Анар Ақылбекқызы.

  Жастарды жаңа технологиялық жолға дайындау туралы жастармен жұмыс жөніндегі бөлімнің бас маманы А.Н. Урмашов айтты. «Біздің еліміз төртінші   өнеркәсіптік революцияның қарсаңында тұр, оның негізі «ақпараттық дәуірге» көшу болып табылады». Сандықтау - біз дамытып келе жатқан тағы бір бағыт. Біздің жоспарымызда ҚММУ-да алғашқы республикалық студенттік Хакатон өткізу тұр, оның мақсаты денсаулық сақтау саласында әлеуметтік маңызы бар және инновациялық қосымшаларды жүзеге асыруға студенттерді тарту», - депАлександр Николаевич айтып өтті.

  Халықаралық медицина факультетінің деканы К.К. Төлеубеков жиналғандарға өз көзқарасын қайта қарауға және тәуелді қатынастардан бас тартуға шақырды. «Мемлекеттің жалпы әл-ауқаты тікелей қазақстандықтардың әрқайсысына байланысты. Жолдамада көрсетілген барлық міндеттер орындалатын және нақты болып табылады. Бізге өзімізге бұдан әрі де білімімізді арттырып, болжамды жоспарларды«жүзеге асыруға көмектесетін» шынайы мақсаттарды қоюымыз керек, -  деп Қуатбек Қуанышбекұлы өз сөзін аяқтады.

   Сондай – ақ кездесу барысында, ғылыми-зерттеу университетінің мәртебесіне жету және жалпы білім беру мен студенттік өмірді жақсарту туралы жаңа Жолдауда қойылған университеттің тапсырмаларын орындаудағы негізгі бағыттары талқыланды.

Жастарменжұмысжөніндегібөлім


0
5091

пікірлер

пікір қалдыру үшін.