Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Үндістандағы академиялық ұтқырлық бағдарламасы

Үндістандағы академиялық ұтқырлық бағдарламасы

22 Қаңтар 2018

Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде қаңтардың 8 мен 15 аралығында«Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығының студенттеріне академиялық ұтқырлық бағдарламаларын жүзеге асыру аясында Үндістан Республикасының фармацевтикалық зауыттарында оқу тәжірибесі ұйымдастырылды.

Студенттер дайын дәрілік түрлерді жасаумен маманданған PsychotropicsIndiaLtd, PatanjaliherbalgardenandResearchCenter, TirupatiGroup, HiGlanceLaboratoriesPvt.Ltd. сияқты фармацевтикалық зауыттардың өндіріс орындарымен танысты.

Біз тәжірибе барысында халықаралық сапа стандарттары, дайын дәрілік заттардың түрлерінің технологиясы, дәрілік заттардың сапасын бағалау және орамдау мен бөлшектеу бойынша білімімізді тереңдеттік.

 Шетелдегі тәжірибеден өте жағымды әсер алдық. Біз шын жүректен барлық студенттерге критерийлер күрделілігіне және ұсынылатын орындар санының аздығына қарамай, өз мүмкіншіліктеріңізді пайдалануға кеңес береміз.  Себебі, студентте бірегей тәжірибе, түрлі мәдени орта, жаңа кәсіби және жеке байланыстар пайда болады.

Зауыттар басшылығының, қызметкерлерінің кәсібишілігіне, құзыреттілігіне,  жоғары деңгейде кез келген сұраққа жауап беруге дайындығына ризашылық білдіреміз.

Біз ҚММУ ректоры Досмағамбетова Раушан Сұлтанқызына, проректоры Тұрмұхамбетова Анар Ақылбекқызына, халықаралық ынтымастық бөліміне Сапарова Мөлдирге, жетекші Динеш Кумар мен доктор Манодж Шармаға Үндістан Республикасына барып, қызықты тәжірибе алуға мүмкіндік бергендері үшін алғысымызды білдіреміз.

Құрметпен, «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығының студенттері мен докторанттары.


0
5246

пікірлер

пікір қалдыру үшін.