Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Алға қадам»

«Алға қадам»

22 Қаңтар 2018

  24  желтоқсан күні Қарағандыда «Алға қадам 2017» атты республикалық би байқауының қорытынды концерті өтті. 

  Би фестиваліне Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қазақстанның басқада облыстарынан жарты мыңға жуық бәсекелес қатысты.

  Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шараның басты мақсаты - көркем мәдениет пен шеберліктің жоғары деңгейіне көтерілген шығармашылық ұжымдарды, сондай-ақ дарынды орындаушыларды анықтау.

  Қарағанды мемлекеттік медицина университетін « Қаракөз» шығыс би ансамблі (жетекшісі М.К.Косыбаева) таныстырды.

  Байқаудың шарттары бойынша барлық ұжымдар бір ғана нөмірді орындады. Конкурстың әділқазылар алқасы, облыстың мәдениет және білім саласындағы жетекші сарапшыларынан құралған, қозғалыстардың орындалу әдісін қатаң бағалады, шығарманың құрылыстық құрамы, ансамбль репертуардың стиліне сәйкестігі, сондай-ақ сахналық дағдыларын басты назарға алды.

  Қыздарымыздың пластикасы мен шеберлігін бағалап, құзыретті қазылар алқасы бірауыздан «Хореография» номинациясы бойынша «Қаракөз» шығыс биінің халықтық ансамбліне бірінші орынға иеленді. II дәрежелі Құрметті Дипломмен  жеке номер орындаған үшін Искендер Нұрғали мен Қайырбекова Айдана марапатталды.

Жастармен жұмыс жөніндегі бөлім.


0
4661

пікірлер

пікір қалдыру үшін.